Об утверждении размера ежемесячной родительской платы за питание ребенка в дошкольных мини-центрах, организованных на базе общеобразовательных средних школ Железинского района Қолданыста
Басқа 0
Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтарда баланың тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлем мөлшерін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 бұйрығымен бекітілген балалардың толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесінің 24-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтарда баланың тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлемі:
онда балалардың толық күн болуымен 5866 (бес мың сегіз жүз алпыс алты) теңге сомасында;
онда балалардың жарты күн болуымен 4174 (төрт мың жүз жетпіс төрт) теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.