Көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай қаласының жаңа мөлтек ауданындағы атаусыз көшелеріне Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов, Тәуке хан, Қасым хан, Қажымұқан Мұңайтпасов, Мұстафа Шоқай, Бөгенбай батыр, Кеңесары хан, Қабанбай батыр, Исатай Тайманов, Ілияс Есенберлин, Біржан сал, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Бұқар жырау, Санжар Асфендияров, Ахмет Жұбанов, Сабыр Рақымов, Жалаңтөс баһадүр, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Есімхан, Әлихан Бөкейханов, Райымбек батыр, Абылай хан, Дәулеткерей, Сұлтан Бейбарыс, Төлеген Тоқтаров, Оралхан Бөкеев, Қорқыт ата, Ақын Сара, Естай, Жәнібек батыр, Балуан Шолақ, Ықылас, Мұстафа Өзтүрік, Ораз Жандосов, Жаяу Мұса, Түркеш, Айқожа Ишан деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.