Қолданыстағы ред. 02.11.2009

Асу-Бұлақ кентіндегі Горная көшесінің атын өзгерту туралы от 02.11.2009 г. № 2 (Асу-Бұлақ кентіндегі Горная көшесінің атын өзгерту туралы)

0

Асу-Бұлақ кентіндегі Горная көшесінің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, ШЕШЕМІН:

1

1. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Асу-Бұлақ кентіндегі Горная көшесінің аты Тұрған Тоқтаров атына өзгертілсін.

2

2. 1999 жылғы 08 маусымдағы № 16 «Асубұлақ кентіндегі Горная атындағы көшесіне Т. Тоқтаров атын беру туралы» шешімінің күші жойылсын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4

4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.