О плане мероприятий по повышению эффективности очистки сточных вод городов и населенных пунктов Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің ластанған ағын суларын тазалау тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жоспары
Қазіргі кезде Ақтөбе облысында қалалар мен елді мекендердегі ластанған ағын суларды тазалау көп жылдардан бері шешімін талап етуші мәселе. Ақтөбе, Алға, Қандыағаш қалаларындағы ластанған ағын суларды тазалау қондырғылары ұзақ уақыттан бері пайдалануына байланысты жарақсыздалынып, күрделі жөндеуді қажет етеді. Нәтижесінде ластанған ағын сулар белгіленген нормативтік көрсеткіштерге дейін тазаланылмай, жер асты, үсті сулары және жер қорларының ластануына әкеліп соқтыруда.
Облыстағы экологиялық жағдайларды сауықтыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 тамызындағы № 1108 қаулысымен бекітілген Бағдарламасының шаралар Жоспарының 4.7.1.3. тармақтарын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің ластанған ағын суларын тазалау шараларының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков), облыстық санитарлық эпидемиология стансасы (Е. Онайбаев) және де орындауға қатысушы мекемелер мен ұйымдар осы жоспарды қалтқысыз басшылыққа және орындауға алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қ Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің 1999 жылғы
18.08. N 142
шешімімен бекітілді
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің ластанған ағын суларын
тазалау тиімділігін артыру жөніндегі шаралар жоспары
Негізгі шаралар
Мерзімі
Орындалуын
жауапты
1."Ақбұлақ акционерлік коғамының тазарту қондырғыларын кайта жарақтандыру жөне кеңейту, Ақтөбе қаласы:
"Ақбулақ" АҚ
- реттеу торабының қоршау бөгетін қалпына келтіру (25 жыл пайдалану мерзімі 2000 жылы бітеді);
2000 жыл
- бірінші жөне екінші тұндырғыштарды жөндеу;
2000 жыл
- аэротендерді күрделі жөдеу.
2000 жыл
2. «Горжилэнерго» акционерлік қоғамы,
Мұғалжар ауданы, Кандыагаш қаласы :
«Горжилэнерго» АҚ
- диаметрі 500 мм, ұзындығы 7,1 км қысым коллекторын салу (2 жол);
2000 жыл
-аэротендерді жөндеу (қаңкасын алмастыру).
2000 жыл
3. "Батысгаз” акционерліқ қоғамы, Алға
қаласы:
"Батысгаз” АҚ
- белгілі тас құбырларды жөндеу;
2000 жыл
- бірінші реттік тұндырғыштарды калпына келтіру және жөндеу:
2000 жыл
-екінші реттік тұндырғыларға ауа беру жолдарын қалпына келтіру;
2000 жыл
-екінші реттік тұндырғыштарға ауа беру қолдарын қалпына келтіру;
2000 жыл
-биосүзгіштердегі қиыршық тастарды
алмастыру;
2000 жыл
- биосүзгіштердегі шашыратқыштарды алмастыру;
2000 жыл
- биотоғанның бөгегіш денесін күшейту;
2000 жыл
- ғимаратты жөне биосүзгіштердің негізгі
қанқасын күрделі жөндеу:
2000 жыл
- микросүзгіштер ғимаратын жөндеу.
2000 жыл
4. Ембі, Қандыағаш, Шалкар, Шұбарқұдық
Никелтау темір жол стансаларындағы
тазалау кондырғылары кешендері:
Ақтөбе темір
жолы стансасы
ВОДЧ-1
- сүзгіш аумақтардың жерін жырту;
2000жыл
тұндырғыштарды мұнай өнімдері, ірі
тұнбалардан тазарту.
тұрақты
Кандыағаш,
Ембі,Шалкар,
Шұбаркұдық
стансаларындағы локомотив деполарсы
З. Октябрьскнефть" мұнай газ өндіру
баскармасы ''Актөбемұнайғаз'' акционерлік қоғамы:
"Октябрьск
нефть" МГӨБ-ы
"Жаңажол" вахталық елді мекеніндегі
сүзгіштер аумағының сүлебесін күшейту;
2000 жыл
- "Жаңажол" вахталық елді мекеніндегі
сүзгіштер аумағына қосымша құрылыс
салу (2 дана);
2000 жыл
- "Жаңажол" вахталық елді мекеніндегі
орталық ағын сулар торабын қайта
жаңарту.
2000 жыл
6. Хромтау ауданы, "Дөн кен байыту комбинаты акңионерлік" коғамы:
"ДөнКБК" АҚ
- "Қазақ ССР 40 жылдығы" кенішінің тазалау қондырғылары" аэротен ғимаратын күрделі жөдеуден өткізу
ІІІ тоқсан
2000 жыл
- "2 геофизический" қазбалау аумағында
ластанған ағын сулардың тасталуын
болдырмау мақсатында өндіріс суларын
қала торабына қосу;
2000 жыл
- бірінші. және екінші реттік күзгіштерді
жөндеу:
2000 жыл
-аэротен бөлігінің қаңқасын айырбастау
2000 жыл
7. Ақтөбе қаласы, "Ақтөбе хром қосындылар зауыты" акционерлік коғамы:
"АХҚЗ" АҚ
- тазалау кондырғылары жинақтау стансасын қайта жарактау.
2000 жыл
8. Облыс мекемелеріндегі бұрғылау қалдықтарының, кеніш қалдықтарының
және ластанған ағын суларды жинақтағыштардың техникалық жағдайын,
деңгейін бақылау.
тұрақты
Облыстық
қоршаған
ортаны қорғау
басқармасы
9. Ағын сулармен жіберілетін ластаушы
заттардың деңгейін және тазалаушы қондырғылардың жұмысының тиімділігін
анықтауға лабораториялық бақылау жүргізу.
тұрақты
Облыстық
қоршағаны
ортаны корғау
басқармасы
лабораториясы
10. Жинақтағыштарға, биотоғандарға, сүзгіш аумақтарға құйылатын ағын сулардың сапалық құрамын жүйелі түрде тексеріп тұру.
тұрақты
11. Тазарту қондырғыларының пайдалану ережелерін сақтауына тұракты бақылау жасау.
тұрақты