Алғабас ауылдық округіне қарасты, Қызылтоған ауылындағы Қызылтоған көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алғабас ауылдық округіне қарасты, Қызылтоған ауылындағы Қызылтоған көшесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, басшылыққа алып, Алғабас ауылының тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты, Қызылтоған ауылындағы Қызылтоған көшесі Ысқақ Құмбайұлы болып атауы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.