Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты, Бозтоған ауылындағы Мектеп көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты, Бозтоған ауылындағы Мектеп көшесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, Жарлыөзек ауылының тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты, Бозтоған ауылының Мектеп көшесін Марден Мұхаметқалиұлы көшесі болып атауы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.