Үштөбе қаласы аумағындағы елді мекендердегі көшелердің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Үштөбе қаласы аумағындағы елді мекендердегі көшелердің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1)-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үштөбе қаласы аумағындағы елді мекендердегі келесі көшелердің атауы:
Тармақша 1
1) Фрунзе учаскесіндегі Новая көшесі Жапарқұл Әлішпанов көшесі;
Тармақша 2
2) Үшкөмей ауылындағы Крупская көшесі, Әбілхан Қастеев көшесі, Арычная көшесі Санжар Асфендияров көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.