О переименовании некоторых улиц города Хромтау Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Хромтау қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және 2009 жылғы 13 тамыздағы Хромтау аудандық ономастикалық комиссиясының шешіміне сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Хромтау қаласындағы мына көшелер:
Тармақша 1
1) Карьерная көшесі Бұжыр Иманғазин атындағы;
Тармақша 2
2) Первомайская көшесі Дербісалы Беркімбаев атындағы;
Тармақша 3
3) Тахауи Ахтанов атындағы көшенің Дінмұхамбет Қонаев атындағы көшесімен қиылысатын бір бөлігі Тельман Дәулеталин атындағы көше болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.