Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі
Жамбыл облыстық мәслихатының
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 16-17 шешіміне қосымша
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі
Тармақ 1
1. Жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары (жиындары) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің белгіленген шекаралары шегінде елді мекендерде өткізіледі.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтетін күні мен орны жөнінде жергілікті қоғамдастықтың мүшелеріне, жиналыстың (жиынның) басталуына 10 күнтізбелік күн қалғанда хабардар етіледі.
Тармақ 3
3. Жиналыстар (жиындар) басталар алдында, жиналысқа қатысушылардың тікелей ұсынған кандидатураларынан, жиналысқа қатысушы мүшелердің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауысымен төраға және хатшы сайланады.
Тармақ 4
4. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады және қатысушылардың көпшілік дауысымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар оның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, олар хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтар жиналыстарының (жиындарының) шешімдері ашық дауыспен, жиналысқа (жиынға) қатысушы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданады.
Тармақ 7
7. Жергілікті қоғамдастық қызметіне қатысты басқа да мәселелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен реттеледі.