О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Мемлекеттiк ресурстарға сатып алынатын астық үшiн есеп айырысуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттiк ресурстардағы және резервтегi астықты пайдалану тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 қаулысында:
Тармақ 2
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 және "1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiндегi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотына қайтарымды негiзде жiберiлсiн.";
Тармақша 2
2) "1999 жылғы егіннің астығын сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қазандағы N 1612 қаулысында: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Астана қаласындағы қалалық аумақтық Қазынашылық басқармасындағы "Эскроу" арнаулы есеп шотына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын. 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.