Ақсу қаласы Еңбек селолық округінің Еңбек ауылындағы көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы Еңбек селолық округінің Еңбек ауылындағы көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Еңбек ауылы халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мыналарға:
Бірден жиырма алтыншы үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
Жиырма жетіншіден елу бірінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Еңбек селолық округінің әкімі Ғ. Сұлтанов