Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Донентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Донентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мыналарға: Дөнентаев ауылындағы бірден отыз төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Баһрам Бегімбетов" атауы; Сырлы-қала ауылындағы бірден жиырма төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Қылыш Бейсебеков" атауы; Көктерек ауылындағы бірден он төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Шоқан Уәлиханов" атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің әкімі                    Ж. Қайырханов