Ақсу қаласы Айнакөл селолық округінің Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Ақсу қаласы Айнакөл селолық округінің Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы от 22.10.2009 г. № 13 (Ақсу қаласы Айнакөл селолық округінің Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы)
0
1
1. Мыналарға:
Сынтас ауылындағы бірден қырық бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Алтынсарин" атауы;
Көктас ауылындағы бірден отыз үшінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
Көктас ауылындағы отыз төрттен жетпіс бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Еңбекші" атауы;
Қарабай ауылындағы бірден отыз тоғызыншы үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Жағалау" атауы берілсін.
2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Айнакөл селолық
округінің әкімі А. Мүбәраков