О присвоении наименований улицам в селах Жанатап, Жанабет, Естай, Шокпар, Абжан Муткеновского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүткенов ауылдық округінің Жаңатап, Жаңабет, Естай, Шоқпар, Әбжан ауылдарының көшелеріне ат қою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14-бабы, 4 тармағына сәйкес және Жаңатап, Жаңабет, Естай, Шоқпар, Әбжан ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 1 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін; Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Орталық" атауы берілсін; Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 3 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Жағалау" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 1 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін; Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Орталық" атауы берілсін; Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 3 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Ертіс" атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Естай ауылының атауы жоқ көшесіне "Мектеп" атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Шоқпар ауылының атауы жоқ көшесіне "Шоқпар" атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Әбжан ауылындағы атауы жоқ N 1 кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін; Әбжан ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Ертіс" атауы берілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Мүткенов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы                 Г. Жекенова