О присвоении наименований улицам в селах Кайран, Жамбыл, Караой Қолданыста
Басқа 0
Қайран, Жамбыл Қараой ауылының көшелеріне ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және тиісті Қайран, Жамбыл, Қараой ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қайран ауылына кіре берісінен бастап № 1 атауы жоқ көшесіне "Орталық" деген атау;
Қайран ауылына кіре берісінен бастап № 2 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап № 1 атауы жоқ көшесіне "Ертіс" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап № 2 атауы жоқ көшесіне "Достық" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап № 3 атауы жоқ көшесіне "Балбыр" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап № 4 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
Тармақ 3
3. Қараой ауылына кіре берісінен бастап № 1 атауы жоқ көшесіне "Күбән" деген атау;
Қараой ауылына кіре берісінен бастап № 2 атауы жоқ көшесіне "Бірлік" деген атау;
Қараой ауылына кіре берісінен бастап № 3 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалу барысын өзім бақылаймын.