О присвоении наименования улицам в селах Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл Караобинского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Қараоба ауылдық округінің Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл аулындағы көшесіне ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 бабына, Қазақстан Республикасыны 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл тұрғындардың пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Красная поляна ауылына атауы жоқ көшесiне "Береговая" деген атауы берiлсiн.
Тармақ 2
2. Спартак ауылына атауы жоқ көшесiне "Озерная" деген атауы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Исантерек ауылына атауы жоқ көшесiне "Желтоқсан" деген атауы берiлсiн.
Тармақ 4
4. Жана-ауыл ауылына № 1 атауы жоқ көшесiне "Бейбітшілік" деген атауы берiлсiн;
Жана-ауыл ауылына № 2 атауы жоқ көшесiне "Достық" деген атауы берiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.