О некоторых вопросах нефтегазовой отрасли Күшін жойған
Басқа 0
Мұнайгаз саласының кейбір мәселелері туралы
📌 Сноска. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 571 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2000 жылы Қазақстан Республикасынан мұнайдың экспорты (ТМД СЭҚ ТН коды (2709 00 900) 22 000 000 тонна көлемінде сандық шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
мұнай экспорттаушыларының өтінішінің негізінде мұнай экспортының жылдық кестесін бекітсін;
отандық мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесін ескере отырып, мұнай
экспорттаудың жылдық кестесіне тоқсан сайын түзету енгізіп отырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті
Қазақстан Республикасының аумағынан шикі мұнай экспортын жоғарыда
көрсетілген кестенің негізінде Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігінің берген рұқсатының негізінде ғана
жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін
қолдануға енгізіледі.