О переименовании улиц села Партизанка и присвоении наименования улице села Ортакшиль Қолданыста
Басқа 0
Партизанка селосының көшелерін қайта атау және Ортақшыл селосының көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Партизанка селосының көшелері қайта аталсын:
Целинная көшесін - Абай атындағы көшесіне;
Нефедова көшесін - Мәншүк Мәметова атындағы көшесіне;
Набережная көшесін - Кенесары атындағы көшесіне;
Советская көшесін - Мұхтар Әуезов атындағы көшесіне.
Тармақ 2
2. Ортақшыл селосының көшесіне атау берілсін:
№ 1 көшеге - Бейбітшілік атауы.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.Е. Аймағамбетова
Бұланды ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Р.Қ. Әбділдина