О переименовании улиц в городе Степняк Енбекшильдерского района Акмолинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшелердің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2009 жылғы 2 қазандағы шешіміне сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшелердің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Ленин көшесінің № 1 үйінен № 48-ге дейінгі бөлігі Сәкен Сейфуллин атындағы көше болып өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Ленин көшесінің № 49 үйінен № 135-ке және Біржан көшесі, Біржан сал көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мен шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаулы мен шешім ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның төрағасы Н. Дәулетбаев Еңбекшілдер аудандық «Қала құрылысы және сәулеттендіру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ахметова