Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах выдачи разрешения на рекламу

Бұйрық · № 737 · қабылданған 18.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49044/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О некоторых вопросах выдачи разрешения на рекламу Күшін жойған Бұйрық ·№ 737 ·18.11.2009
20.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах выдачи разрешения на рекламу

Күшін жойған Бұйрық ·№ 737 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах выдачи разрешения на рекламу
Атауы (қаз.)
Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
737
Қабылданған күні
18.11.2009
Көрсетілген редакция
20.03.2013 AI49044_8.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005931_
ЭКБ идентификаторы
49044
Редакция идентификаторы
AI49044_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:01

0 Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.10.17 № 714 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Мынадай:

1

1) "Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 640 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3077 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылы 30 қарашада N 158 (782) жарияланған);

2

2) "Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 472 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4438 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылы 17 қарашада N 201 (1181) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6 Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру ережесі

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
N 737 бұйрығына
1-қосымша
Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру ережесі

1 1. Жалпы ереже

1

1. Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі кодексіне сәйкес дайындалған және медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру тәртібін анықтайды.

2

2. Медициналық қызметтерді, профилактиканың диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалау тиісті медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау бойынша мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган анықтаған сараптама органы алдын ала сараптағаннан кейін (бұдан әрі - сараптама органы), халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы (бұдан әрі - уәкілетті орган) іс-әрекетті жүргізетін мемлекеттік органы берген рұқсат негізінде жүргізіледі.

2 2. Медициналық қызметтерді, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру тәртібі

3

3. Медициналық қызметтерді, профилактиканың диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат алу үшін өтініш беруші олардың құзыреті уәкілетті немесе мемлекеттік органға шеңберіндегі келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) жарнамалық ақпараттың мәтіні қағаз түріндегі тасымалдағышты мемлекеттік және орыс тілдерінде;

3 3) жарнаманы теле- және радио бағдарламаларында орналастыру кезінде аудио-, бейнежазба түрінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнамалық ақпарат мәтіні;

4 4) медициналық іс-әрекеттер жүргізуге берілген лицензияның қосымшаларымен нотариуспен куәландырылған көшірмесі (медициналық қызметтерді, профилактиканың диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсат алу үшін).

4

4. Мемлекеттік орган осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды алғаннан кейін 20 жұмыс күн ішінде медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсат береді не дәлелді бас тартумен жазбаша түрде жауап береді.

5 5. Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсат осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

6 6. Тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беруге арналған құжаттарды қабылдауды, жинақталғанын анықтауды, оларды сараптама органына сараптауға жіберуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

7

7. Уәкілетті орган тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға берген өтінішті қабылдағаннан және тіркегеннен кейін ұсынылған құжаттардың жинақтылығы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда бес жұмыс күн ішінде өтініштің көшірмесі мен жарнамалау материалдарын сараптама органына алдын ала сараптау (бұдан әрі – сараптау) жүргізу үшін жібереді не сәйкес емес болған жағдайда өтініш берушіге дәлелді бас тартумен жазбаша түрде жауап береді.

8 8. Сараптау жүргізу шығыстарын тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға берген өтініш беруші өтейді.

9 9. Тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға сараптау жүргізу уақыты 15 жұмыс күнін құрайды.

10

10. Тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды сараптау нәтижесі мен жарнамалық материалдар тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру не өтініш берушіге жазбаша түрдегі дәлелді бас тартуды жіберу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі.

11

11. Уәкілетті орган өтініш берушіге сараптама органынан тағамға қосылатын биологиялық активті қоспалардың жарнамасын сараптау нәтижесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсатты береді және өтініш беруші ұсынған жарнамалық материалдарын береді.

12 12. Медициналық қызметтерді, профилактиканың диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат бермеуге ден бас тартуға негіз болатындар:

1 1) осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар дұрыс емес, жартылай ақпарат және сапалы емес ақпарат болса;

2 2) ұсынылған құжаттар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе.

13 13. Медициналық қызметтерді, профилактиканың диагностикалаудың, емдеу және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын берілген рұқсат Қазақстан Республикасы аумағында берілген сәттен бастап бір жыл бойы әрекет етеді.

14 Өтініш

14. Тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етеді және тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу мерзіміне беріледі.
Медициналық қызметтерді,
профилактиканың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
әдістері мен құралдарын, сондай-ақ
биологиялық активті қоспаларды
жарнамалауға рұқсат
беру ережесіне
1-қосымша
Нысан
Тапсырыс беруші:
____________________________________________________________
Тапсырыс берушінің мекенжайы:
____________________________________________________________
Егер мекеме тапсырыс берген болса, мүддесінің өкілі және сенімхаты бар (уәкілетті тұлға):____________________________________________________________                                  (Т.А.Ж., лауазымы)
Телефоны: ____________________ Факсы: ______________________
Тапсырыс беруші мекеме берген сенімхаттың нөмірі мен уақыты:
(қоса беріледі) 200__ ж. "___"_____________ N ______
Өтініш
______________________________________________________________
(мемлекеттік немесе уәкілетті органның атауы)
Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, сондай-ақ биологиялық активті қоспаларды (қажеті сызылады) жарнамалауға рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Өтінішке қоса берілді:
- жарнама ақпаратының мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде қағаз түріндей тасымалдағыштарды;
- жарнамалық ақпарат теле-радиобағдарламаларда жарнама орналастырғанда мемлекеттік және орыс тілінде аудио-, видеожазу түрінде;
- медициналық іс-әрекеттер жүргізуге берілген лицензияның қосымшаларымен көшірмесі (медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын) жарнамалауға рұқсат алу үшін.
Тапсырыс берушінің қолы
Өтінішті қабылдаған ______________________ ____________________
(Т.А.Ә., лауазымы)      (Ай-(күні)
М.О.
Медициналық қызметтерді,
профилактиканың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
әдістері мен құралдарын, сондай-ақ
биологиялық активті қоспаларды
жарнамалауға рұқсат
беру ережесіне
2-қосымша
Нысан
Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсат
N ______
_________________ қ.                   200_ ж. "___"__________
Келесі мазмұндағы жарнама:
______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
(қысқаша сипаттамасы)
Жарнама жасалуы мүмкін:
______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
"___"__________200__жылдан "___"___________ 200_ жылға дейін
______________________________    _____________________________
Басшының лауазымы мен мемлекеттік         Т.А.Ә. және қолы
органның аталуы
М.О.
Медициналық қызметтерді,
профилактиканың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
әдістері мен құралдарын, сондай-ақ
биологиялық активті қоспаларды
жарнамалауға рұқсат
беру ережесіне
3-қосымша
Нысан
Тағамға қосылатын биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға рұқсат
N ______
_________________қ.                     20__ж. "___"__________
Келесі мазмұндағы жарнама:
______________________________________________________________ ______________________________________________________________
______________________________________________________________
(қысқаша сипаттамасы)
Жарнама жасалуы мүмкін:
______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
20__ жылғы "___" __________ 20__жылғы "___"___________ дейін
______________________________    _____________________________
Басшының лауазымы мен мемлекеттік         Т.А.Ж. және қолы
орган атауы
М.О.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
N 737 бұйрығына
2-қосымша
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленген және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2

2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалау денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган айқындайды сараптама органымен (бұдан әрі - сараптама органы) жарнамалық материалды алдын ала сараптағаннан кейін анықталған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) беретін рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.

3

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техника туралы және осылардың нарықта жылжуы мен өткізуіне ықпал ететін кез-келген түрде таратылатын және орналастырылатын жекелеген мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы жатады.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы мамандарға және халыққа арналған жарнамаға деп бөлінеді.

4 4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасына рұқсат беру дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тіркеу куәлігінің қолданылу мерзіміне беріледі.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркеу кезінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат осы Ережеге сәйкес беріледі.

5

5. Жарнамаланатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қасиеттері мен сипаттары жарнама түріне қарамастан, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тіркеуде және медицина техникасын пайдалану құжаттарымен (бұдан әрі – пайдалану құжаттары) бекітілген медициналық қолдану нұсқаулығына (бұдан әрі мәтін бойынша - нұсқаулық) сәйкес болуы керек.

6 6. Жарнамалық үлгілер ретінде таратылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында тіркеліп, және нұсқаумен, пайдалану құжатымен қоса болуы қажет.

7 7. Осы Ережелер адамның денсаулығына және ауруына қатысты мәліметтер мен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалайтын пайымдамалар сияқтылар болмаған жағдайда, төменде аталғандарға қолданылмайды:

1 1) нұсқаулықтарға, сату каталогтарына, прайс-парақтарға, анықтама материалдарына, медициналық сипаттамадағы әдістемелік, ғылыми және оқу материалдарына;

2 2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші және өткізуші жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтерге;

3 3) ғылыми-ақпараттық материалға;

4 4) медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер арасында таратылатын өнеркәсіп өніміне патенттелмеген халықаралық атау немесе сауда атауы мен логотип салу (мысалы, қаламдар, қойын дәптерлер, сөмкелер, медициналық халаттар);

5 5) жарнамалық ақпаратпен витриналарды (терезелерді), сыртқы және есікке ілетін маңдайшаларды, плакаттарды және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тағайындауға және өткізуге қатысы бар денсаулық сақтау ұйымдарының ішін безендіру.

5 5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру тәртібі

8 8. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат алу үшін жарнама беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:

1 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) қағаз нұсқада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнамалық ақпарат мәтіні;

3 3) жарнаманы теледидар және радио арналарында орналастыру кезінде бейне-, аудиожазбалары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнамалық ақпарат мәтін;

4 4) бекітілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық пайдалану нұсқаулығының көшірмесі, пайдалану құжаты;

5 5) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелгендігін растайтын құжат (тіркеу куәлігінің көшірмесі);

6 6) өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының көшірмесі (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника үшін міндетті емес).

9 9. Өтініш беруші толық, нақты және сапалы ақпарат ұсынады.

10 10. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беруге арналған құжаттарды қабылдауды, жинақталғанын анықтауды, оларды сараптама органына сараптауға жіберуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

11

11. Уәкілетті орган дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға берген өтінішті қабылдағаннан және тіркегеннен кейін ұсынылған құжаттардың жинақтылығы осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда бес жұмыс күн ішінде өтініштің көшірмесі мен жарнамалау материалдарын сараптама органына алдын ала сараптау (бұдан әрі – сараптау) жүргізу үшін жібереді не сәйкес емес болған жағдайда өтініш берушіге дәлелді бас тартумен жазбаша түрде жауап береді.

12 12. Сараптау жүргізу шығыстарын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға берген өтініш беруші өтейді.

13 13. Сараптау жүргізу уақыты 15 жұмыс күнін құрайды.

14

14. Сараптау нәтижесі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын сараптама бағалау актісімен рәсімделеді. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын сараптау бағасының актісі жарнамалау материалдармен жарнамалауға рұқсат беру не өтініш берушіге жазбаша түрдегі дәлелді бас тартуды жіберу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі.

15

15. Уәкілетті орган өтініш берушіге сараптама органынан дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын сараптамалық бағалау актісін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсатты береді және өтініш беруші ұсынған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника жарнамасының бекітілген қағаз нұсқадағы мәтінін, аудио-жарнама мәтінінің нұсқасын, бейне-жарнамаларды кадрларға бөлу түріндегі нұсқасын береді.

16 16. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беруден бас тартуға негіз болатын жайттар:

1 1) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар дұрыс емес, жартылай ақпарат және сапалы емес ақпарат болса;

2 Өтініш

2) ұсынылған құжаттар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын талаптарына сәйкес келмесе.
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы
жарнамалауға рұқсат беру
ережесіне 1-қосымша
Нысан
Өтініш беруші _______________________________________________
Заңды мекенжайы______________________________________________
Телефон_______________________________________________________
Факс__________________________________________________________
Өтініш берушінің электрондық почтасы __________________________
Өтініш берушінің өкілі (уәкілетті тұлға)_______________________
(Т.А.Ә., лауазымы, сенімхат қоса беріледі)
Телефон ________________ факс __________________
Өтініш
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
________________________________________________________________
(сауда атауы,
________________________________________________________________
халықаралық патенттелмеген атауы (болған жағдайда)
________________________________________________________________
дәрілік нысаны, мөлшері, бөлшектеп өлшеу (болған жағдайда)
босату шарты __________________________________________
жарнамалауға рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Осы көрсетілген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында
N___ 20___ж. "___"_________ тіркелгенін хабарлаймыз.
Өтінішке қоса беріледі:
қағаз нұсқада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнама ақпаратының мәтіні;
мемлекеттік және орыс тілдерінде теледидар арналары мен радиода бейне, аудиожазбалы жарнама орналастырғанда жарнама ақпараты;             бекітілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық пайдалану нұсқаулығының көшірмесі, пайдалану құжаты;
дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелгендігін растайтын құжат (тіркеу куәлігінің көшірмесі);
сәйкестікті растау жөніндегі мемлекеттік органдар берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника үшін міндетті емес).
М.О.                                         Өтініш берушінің қолы
Өтінішті қабылдаушы _____________________________    ____________
(Т.А.Ә., лауазымы)               (күні)
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы
жарнамалауға рұқсат беру
ережесіне 2-қосымша
Нысаны
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медицина техникасының жарнамасын сараптамалық бағалау актісі «___» _______ ___ ж. № _____

Жар­на­ма­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Ұсы­ны­л­ған ақ­па­рат­та та­лап­тар­ды орын­дау
1. Жал­пы мә­лі­мет­тер
1.
Са­уда­лық ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы (ХПА) неме­се құ­ра­мы (бар бол­са)
3.
Фор­ма вы­пус­ка, до­зи­ров­ка ак­тив­но­го ве­ще­ства (ве­ществ) (при на­ли­чии)
4.
Өн­ді­ру­ші-ұй­ым
5.
Заң­ды тұл­ға­ның – жар­на­ма­ға өті­нім бе­ру­ші ата­уы
6.
Дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар, ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген
Тір­кеу ку­ә­лі­гі
№ ___
«__» ___ ___ ж.
7.
Дә­рі­лік зат Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ба­қы­ла­у­ға жа­та­ды/жат­пай­ды
8.
Жар­на­ма­ла­нып отыр­ған дә­рі­лік пре­па­рат дә­рі­ха­на­лық ұй­ым­дар­да дә­рі­гер­дің ре­цеп­тін­сіз боса­ты­ла­ды
Жар­на­ма­ла­нып отыр­ған ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі та­ра­пы­нан үне­мі ба­қы­ла­уды та­лап ет­пей­ді
Жар­на­ма­ла­нып отыр­ған ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі та­ра­пы­нан үне­мі ба­қы­ла­уды та­лап ет­пей­ді
9.
Жар­на­ма­лық ма­те­ри­ал мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де ұсы­ны­л­ған
10.
Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі жар­на­ма маз­мұ­ны орыс ті­лін­де­гі жар­на­ма маз­мұ­ны мен дәл­ме-дәл
2. Жар­на­ма­лық ма­те­ри­ал­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне са­рап­тау
11.
Жар­на­ма ар­найы бі­лім­сіз неме­се ар­найы құ­рал­дар­ды қол­да­ну­сыз та­ны­ла­ды және жар­на­ма­ла­нып отыр­ған құ­рал тө­мен­де­гі­лер бо­лып та­бы­ла­ты­нын көр­се­те­ді:
дә­рі­лік зат
ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым
ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы
Ба­ла­лар­ға, жүк­ті­лер­ге және ба­ла емі­зе­тін әй­ел­дер­ге ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­дың, ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы­ның жар­на­ма­сы ай­рық­ша нұс­қа­у­лар мен жа­ғым­сыз әсер­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды
12.
Жар­на­ма мы­на кез­де дұ­рыс емес бо­ла­ды:
12.1
Жар­на­ма­ла­нып отыр­ған затты бас­қа же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың затта­ры­мен са­лы­сты­ру бол­са, со­ны­мен қа­тар олар­дың мәр­те­бе­сін, бе­де­лін және іс­ке­ри ре­пу­та­ци­я­сын бұ­за­тын сө­здер, бей­не­лер­ді си­патта­са
12.2
фир­ма­лық ата­уын, са­уда­лық ата­уын, фир­ма­лық қап­та­ма­сын, та­у­ар­дың сырт­қы бе­зен­ді­рі­лу­ін, фор­му­ла­ла­рын, бей­не­ле­рін және бас­қа ком­мер­ци­я­лық бел­гі­сін кө­ші­ру ар­қы­лы неме­се олар­дың се­ні­міне қи­я­нат ету ар­қы­лы тұ­ты­ну­шы­лар­ды жар­на­ма­ла­нып отыр­ған за­тқа қа­ты­сты жа­ңыл­дыр­са
12.3
Си­па­ты­на, дай­ын­да­лу тә­сі­ліне, қа­си­ет­те­ріне, қол­да­ну­ға жа­рам­ды­лы­ғы­на неме­се та­у­ар са­ны­на қа­ты­сты жа­ңыл­ды­ру­ға әкеп со­ғуы мүм­кін нұс­қа­у­лар мен пі­кір­лер бол­са
12.4
жар­на­ма­ла­нып отыр­ған затты пай­да­лан­бай­тын­дар­ды мұ­қа­ту, кем­сі­ту неме­се ма­з­ақ­тау
13.
Жар­на­ма жөн­сіз бо­лып та­бы­ла­ды – мы­на­лар­ға қа­ты­сты шын­дық­қа сай емес мә­лі­мет­тер бол­са:
13.1
та­би­ға­ты­на, құ­ра­мы­на, тә­сі­ліне және дай­ын­да­лу мер­зі­міне, та­ғай­ын­да­луы­на, тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­ріне, пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на, өнім қа­уіп­сіз­ді­гі мен са­па­сы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ның бо­луы­на, сер­ти­фи­ка­ци­я­лық бел­гі­лер мен мем­ле­кет­тік стан­дарт­тар­ға сәй­кест­ік бел­гі­ле­ріне, са­ны­на, шы­ғу те­гіне, жа­рам­ды­лық мер­зі­міне, құ­ны­на (ба­ға­сы)
13.2
ре­сми мой­ын­да­луы­на, ме­даль­дар, сый­лық­тар, ди­плом­дар мен өзге де ма­ра­пат­тар алуы­на
13.3
жар­на­ма­ла­нып отыр­ған за­тқа ерекше құқық­тар
13.4
жар­на­ма­ла­нып отыр­ған затты қол­да­ну­дың бо­лжал­ды нәти­же­ле­рі
13.5
зерт­те­улер мен сы­нақ­тар­дың, ғы­лы­ми тер­мин­дер­дің, ме­ди­ци­на­лық ци­та­та­лар­дың, ғы­лы­ми және өзге де жа­ри­я­ла­ным­дар­дың нәти­же­ле­ріне
13.6
өзге тұ­лға­лар­дың қыз­ме­тін кем­сі­те­тін пі­кір­лер­ге
13.7
ста­ти­сти­ка­лық мә­лі­мет­тер­ге, олар өзде­рі­нің негіз­ді­лі­гі­нен асып түс­кен тү­рін­де ұсы­ныл­мауы қа­жет
13.8
өн­ді­ру­ші­нің, затты өт­кі­зе­тін және жар­на­ма­лай­тын тұл­ға­ның мәр­те­бе­сіне неме­се бі­лік­ті­лік дең­гей­іне
14.
Жар­на­ма мы­на кез­де эти­ка­лық емес бо­лып та­бы­ла­ды:
14.1
тіл тигі­зу, са­лы­сты­ру жо­лы­мен адам­гер­ші­лік­тің және ру­ха­ни­ят­тың жал­пы­ға бір­дей нор­ма­ла­рын бұ­за­тын мәт­ін­дік, кө­ре­тін, ды­быст­ық ақ­па­рат­тан тұр­са
15.
Жар­на­ма көр­неу жал­ған бо­лып та­бы­ла­ды, жар­на­ма тұ­ты­ну­шы­ны жа­ңы­лы­су­ға апа­ра­ды, дұ­рыс емес неме­се жа­ңы­лы­су­ға апа­ра­тын тер­мин­дар­мен қа­тар жүр­се
16.
Жар­на­ма жа­сы­рын бо­лып та­бы­ла­ды, тұ­ты­ну­шы­ның түй­сі­гіне се­зіл­мей­тін әсер бер­се, ви­део-, аудио­өнім­де­гі ин­стинкт­тер, со­ны­мен қа­тар ар­найы бей­не­ен­дір­ме, қос ды­бысжа­з­ба және өзге де тә­сіл­дер пай­да­ла­ну жо­лы­мен
17.
Жар­на­ма­лық жар­на­ма­ла­на­тын заттың дұ­рыс пай­да­ла­ны­луы­на се­беп бо­ла­ды, құ­ра­мын­да негіз­гі қар­сы көр­се­ті­лім­дер ту­ра­лы ақ­па­рат бар
18.
Жар­на­ма­да ме­ди­ци­на, фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рі­нің, атақ­ты тұ­лға­лар­дың бей­не­сі қол­да­ныл­са
19.
Жар­на­ма жар­на­ма­ла­на­тын дә­рі­лік зат, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым және ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы­мен ем­де­лу­дің ти­ім­ді­лі­гі ке­піл­ді бо­лып та­бы­ла­ды де­ген ұй­ға­рым­ды ша­қы­ра­ды, жар­на­ма­ла­на­тын дә­рі­лік затты қа­был­дау неме­се пай­да­ла­ну жа­ғым­сыз әсер­лер­дің өр­шу­і­мен қа­тар жүр­мей­ді
20.
Жар­на­ма­да мы­на­лар­дың бо­луы:
20.1
Ға­лым­дар­дың, ден­са­улық сақ­тау қыз­мет­кер­ле­рі­нің, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің, атақ­ты тұ­лға­лар­дың ұсы­ным­да­ры­на сі­л­те­ме
20.2
ба­ла­лар­ға қол­да­ну­дың бол­май­тынды­ғы неме­се ба­сымды­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат (тек қа­на ба­ла­лар­ға ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­дан бас­қа)
20.3
дә­рі­лік заттың қа­уіп­сіз­ді­гі мен ти­ім­ді­лі­гі оның та­би­ғи шы­ғу те­гіне бай­ла­ны­сты екен­ді­гі ту­ра­лы ақ­па­рат
20.4
өзін-өзі қа­те (симп­том­дар­ды си­паттау) ем­де­у­ге әке­луі мүм­кін ақ­па­рат
20.5
ме­ди­ци­на­лық кон­суль­та­ци­я­лар неме­се хи­рур­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­дың қа­жет­ті­лі­гі жоқ­тығы ту­ра­лы ақ­па­рат
20.6
пре­па­рат­ты қол­да­ну­ға дей­ін және одан кей­ін адам де­не­сі­нің өзге­ру­і­нің са­лы­стыр­ма­лы си­патта­ма­ла­ры
21.
Жар­на­ма жар­на­ма­ла­нып отыр­ған заттың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген­ді­гі және ме­ди­ци­на­да қол­да­ну­ға рұқ­сат еті­л­ген­ді­гі ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды
22.
Жар­на­ма ме­ди­ци­на­да қол­да­ны­луы жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­пен неме­се ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы үшін пай­да­ла­ну құ­жа­ты­мен та­ны­су қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды (те­ле- және ра­дио­ар­на­лар­да та­ра­ла­тын жар­на­ма­да­ғы ұсы­ным­дар­дың уа­қыт­ша ұз­ақ­тығы ке­мін­де үш се­кунд­ты құ­рай­ды)
23.
Жар­на­ма жар­на­ма­ға рұқ­сат­та­ма ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сараптамаға ұсынылды:

1 1. Өтінім берушінің өтінімі.

2 2. Жарнамалық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдаушыдағы мәтіні.

3 3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі видео-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.

4 4. Медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі, пайдалану құжаты.

5 5. Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медицина техникасының Қазақстан Республикасында тіркелгендігін растайтын құжат (тіркеу куәлігінің көшірмесі).

6 6. Өнім қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды көшірмесі (медициналық мақсаттағы бұйымға және медицина техникасы міндетті емес).

Қорытынды: Ұсынылған жарнамалық материалдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының жарнамасына рұқсаттама беру ережелеріне қайшы келмейді.
Жүргізілген сараптама негізінде жарнаманы өндіру, тарату, пайдалану мүмкін деп санаймыз
_____________________________________________________________________
Сараптама жүргізу кезінде келесі материалдар пайдаланылды:

Құ­жат­тың неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­сі­нің ата­уы
1
2
3
Сараптамалық бағалау актісіне қоса беріледі:

1 1. Өтінім берушінің өтінімі.

2 2. Жарнамалық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдаушыдағы мәтіні.

3 3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі видео-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.

4 4. Медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі, пайдалану құжаты.

5 5. Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медицина техникасының Қазақстан Республикасында тіркелгендігін растайтын құжат (тіркеу куәлігінің көшірмесі).

6 N_____ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат

6. Өнім қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды көшірмесі (медициналық мақсаттағы бұйымға және медицина техникасы міндетті емес).
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы
жарнамалауға рұқсат
беру ережесіне
3-қосымша
Нысан
ҚР Елтаңбасы
__________________________________________________________________
(Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның атауы)
N_____ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат
___жылғы "___" _________ берілген ___ жылғы "___"__________ дейін
Сауда аталуы ______________________________________________
Халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса_______________________
Дәрілік заттың құрамы______________________________________
Дәрілік заттың нысаны_____________________________________________
Өндіруші-ұйым_______________________________________
Ел (мемлекет) ________________________________________________
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың тіркеу нөмірі _______________________ "____" __________Мынадай мазмұндағы жарнама:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жарнаманың қысқаша сипаттамасы)
Жарнама жүргізу мүмкін:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
20 __жылғы "___" _________ бастап 20 __ жылғы "___" _________ дейін
_____________________________________________________________________
Басшының лауазымы және уәкілетті
органның атауы                                    Т.А.Ә. және қолы
М.О.

Қолданыстағы