О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предоставления гарантированного объема бесплатной медицинской помощи Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 21, 93-құжат):
1) 53-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;";
2) 54 және 55-баптардың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы "қоспағанда," деген сөзден кейін "тегін" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 143-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж, N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 15-16, 76-құжат; N 18, 86-құжат):
13-баптың 2-тармағы "Мемлекеттің тапсырысы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.