Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Буландинскому, Жаксынскому и Сандыктаускому районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Буландинскому, Жаксынскому и Сандыктаускому районам
- Атауы (қаз.)
- Бұланды, Жақсы және Сандықтау аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және қайта құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-11/432
- Қабылданған күні
- 16.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 49083_303687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003336
- ЭКБ идентификаторы
- 49083
- Редакция идентификаторы
- 49083_303687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:15
0 Бұланды, Жақсы және Сандықтау аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін тарату және қайта құру туралы
1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № а-9/220 қаулысы мен Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 4С-20/2 шешімі, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № А-14/339-2, 2009 жылғы 17 шілдедегі № А-6/224 қаулылары мен Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № С-5-11, 2009 жылғы 17 шілдедегі № С-20-10 шешімдері, Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № А-4/123 қаулысы мен Сандықтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 1213 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
1) Бұланды ауданы бойынша:
Камышевка ауылдық округінің Роза Люксембург атындағы ауылы, олар Отрадное ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
2) Жақсы ауданы бойынша:
Есіл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Жаңақима ауылдық округі, оның құрамына Трудовое ауылы мен таратылған Есіл ауылдық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
Запорожье ауылдық округінің Донское ауылы Лозовое ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
3) Сандықтау ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын:
Хлебное ауылының құрамына енгізіліп, Хлебное ауылдық округінің Ащылы ауылы;
Приозерное ауылының құрамына енгізіліп, Жамбыл ауылдық округінің Березовка ауылы;
Белгородское ауылының құрамына енгізіліп, Белгородское ауылдық округінің Новодобринка ауылы;
Хлебное ауылдық округі таратылсын және Хлебное ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.