Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)" Күшін жойған
Басқа 0
"Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру Ережелерін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын берудің қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Ақмола облыстық мәслихатының
16.10.2009 жылғы
№ 4С-17-5 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
«Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру Ережелері туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру Ережелері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын берудің тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын (әрі қарай – атақ) беру облысты дамытудағы азаматтардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруда ынталандырудың, құрметті азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттіліктерін, дарындылығы мен бастамашылдығын танудың маңызды бір моралды түрі болып табылады.
Тармақ 3
3. Атақ азаматтарға беріледі:
Тармақша 1
1) жоғары мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;
Тармақша 2
2) өзінің еңбек қызметі кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;
Тармақша 3
3) облыстың экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;
Тармақша 4
4) ғылым, әдебиет, өнер салаларына, басқа да шығармашылық қызметіне, мәдениет пен спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;
Тармақша 5
5) ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, облыста тұрып жатқан халықтардың арасында ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін;
Тармақша 6
6) заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткендігі үшін;
Тармақша 7
7) азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) елдегі және шет елдердегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы үшін.
Тармақ 4
4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге және облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.
Тарау 2. 2. Атақ беруге ұсыну тәртібі
2. Атақ беруге ұсыну тәртібі
Тармақ 6
6. Атақ облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің ұсынысы бойынша сәйкес мәслихатпен беріледі, жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай.
Тармақ 6-1
6-1. Ұсынылған азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорынның еңбек ұжымы жиналысының, ұйымның, мемлекеттік мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, партияның хаттамаларын, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарының өтініштерін дәйекті қарастыру мақсатында облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің өкімімен құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіретін 9 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылады.
Жұмыс тобының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жұмыс тобының жалпы санының басым бөлігі олар үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері ерекше пікір білдіру құқығына ие болады, және оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет.
Жұмыс тобының шешімі ұсынымдық сипатта болады, хаттамамен рәсімделеді және басшысы мен хатшысының қолдары қойылады.
Тармақ 7
7. Атақ беруге ұсынылатын кандидатура туралы ұсыныс және материалдар сәйкес мәслихатқа, оның Регламентіне сәйкес жолданады.
Тармақ 8
8. Облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімі сәйкес мәслихатқа ұсынылатын кандидатураға қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорын еңбек ұжымдары, ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, партиялар жиналыстарының хаттамасы, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының үндеуі;
Тармақша 2
2) өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық қызметтердегі нақтылы еңбегінің, Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) әлеуметтік, экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтері, наградтау күнінің көрсетілуімен үкіметтік емес және басқа наградалардың тізілімі енгізілген мінездеме;
Тармақша 3
3) кандидатураның өмірбаяны туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) ерекше еңбегін және мемлекеттік наградаларын растайтын құжаттар.
Тарау 3. 3. Атақ берудің тәртібі
3. Атақ берудің тәртібі
Тармақ 9
9. Сәйкес мәслихаттың заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясы сәйкес мәслихаттың сессиясында қарау үшін ұсынылған кандидатура бойынша қорытындыны береді.
Тармақ 10
10. Сәйкес мәслихат атақ беру жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 11
11. Атақ берілген тұлғаға «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» куәлігі, төс белгісі (бұдан әрі – төс белгі) салтанатты түрде беріледі және оның есімі сәйкес мәслихаттың аппаратында сақталатын Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматтарының Кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі. Барлық атақ алғандардың фото суреттері, атақ беруге негіз болған еңбектері көрсетілген мәліметтер Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматтарының Кітабына енгізіледі.
Тармақ 12
12. Атақ алған тұлғалар куәлік пен төс белгісінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.
Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген тұлға өзінің құқықтарын сақтап қалады.
Тармақ 13
13. Жоғалған жағдайда атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері сәйкес мәслихаттың шешімімен беріледі.
Тарау 4. 4. Төс белгінің көрінісі
4. Төс белгінің көрінісі
Тармақ 14
14. Төс белгісі алтын түсті металдан жасалады, диаметрі 20 миллиметрлі және қалыңдығы 4 миллиметрлі дөңгелек. Төс белгінің бет жағының орта тұсында «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» деген мемлекеттік тілде, сәйкестеліп жазылған жазу бар, төменгі жағы екі жақтан симметриялы орналасқан лавр гүлдестесі бұтағымен көмкерілген. Төс белгі тесікше және сақинаның көмегімен, ені 27 миллиметрлі, биіктігі 15 миллиметрлі тік бұрышты қалыпқа бекітіледі. Қалып алтын түсті металдан жасалады. Қалыптың бет жағында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген. Қалыптың бет жағының қырлары алтын түстес. Барлық бейнелеулер мен жазулар дөңестеліп келеді. Қалыптың сырт жағында атақ иегерінің киіміне тағуға арналған тиісті құралы бар.
Тармақ 15
15. Төс белгілер мен олардың куәліктерін дайындау Ақмола облысы (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 16
16. Төс белгілер мен олардың куәліктерін дайындау шығындарын қаржыландыру сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Атақтан айыру және қалпына келтіру
5. Атақтан айыру және қалпына келтіру
Тармақ 17
17. Атақтан айыру тек сәйкес мәслихаттың шешімімен мынадай жағдайларға байланысты жүргізіледі:
Тармақша 1
1) соттың айыптау өкімінің заңды күшіне енуіне;
Тармақша 2
2) тұлғаның атаққа кір келтіретін әрекет жасауы, атаққа ұсыну туралы ұсыныс білдірген ұжымның, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша.
Тармақ 18
18. Заңсыз сотталған және соттың шешімімен толық ақталған тұлғалардың атаққа құқықтары қалпына келтіріледі.