Об утверждении Правил взаимодействия организаций здравоохранения Қолданыста
Басқа 0
Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысында сабақтастықты қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің:
Тармақша 1
1) "Медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 678 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2513 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) жарияланған);
Тармақша 2
2) "Медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 678 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 4 ақпандағы N 121 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2703 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Тармақ 7. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесі 1. Жалпы ережелер
7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 785 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесі 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесі (бұдан әрі - Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес:
Тармақша 1
1) азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін беруге кепілдіктерді, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) медициналық көмекке тең қолжетімділікті;
Тармақша 3
3) медициналық көмек сапасының диагностик және емдеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігін;
Тармақша 4
4) аурулардың профилактикасын, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 2. 2. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібі
2. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінде өзара іс-қимыл жасауды:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға шақыруда қызмет көрсетілген науқастар туралы мәліметтер беру және жедел медициналық жәрдем ұйымдарымен үйдегі стационар жағдайында емделіп шыққан науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме және өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың өршуі мүмкін болған кезінде ауруханаға жатқызудан бас тартудың барлық жағдайларын тұратын жері бойынша медициналық ұйымдарға беру;
Тармақша 2
2) тіркеу өзгерген кезде тіркеу талонын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымына қайтару және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына тіркелген халық туралы МСАК ақпаратын беру;
Тармақша 3
3) пациенттерді медициналық көрсетімдер бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға жіберу;
Тармақша 4
4) үзінді көшірмесі (жолдама), клиникалық-диагностикалық, аспаптық және рентгенологиялық зерттеу көшірмесі бар пациенттерді шектелген көлемдерге, меншік нысандарына, стационарлардың шалғайлығына қарай диагностика мен емдеу стандарттарына сәйкес медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін жіберу;
Тармақша 5
5) стационардан, күндізгі стационардан және үйдегі стационардан шығарылған науқастар мен нәрестелер туралы мәліметтер мен үзінді көшірмелерді МСАК ұйымдарына беру;
Тармақша 6
6) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу жолымен жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) медициналық көмек түрлері мен көлемдерін денсаулық сақтау ұйымдарының орындауын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сабақтастық тікелей және кері байланыстарды көздейді және мынадай жолмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ауруды ерте анықтау, асқынуын болдырмау және диспансерлік есепке алу мен емдеуді талап ететін соматикалық аурулар туралы ақпаратты дер кезінде беру үшін амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының (онкодиспансерлер, тубдиспансерлер, наркодиспансерлер, психиатриялық диспансерлер, терівендиспансерлер, ЖҚТБ орталығы) медициналық көмектің мамандандырылған түрлерін көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Тармақша 2
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтитын салада жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
Тармақша 3
3) қан мен оның компоненттерінің қорын құру және онымен қамтамасыз ету үшін қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Тармақша 4
4) шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем және санитарлық авиация ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
Тармақша 5
5) сот-медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл:
өлімнің себептерін анықтау және аурудың диагнозын нақтылау мақсатында патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу;
Тармақша 6
6) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл:
халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз ету;
дәрілік заттың басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері және жанама әсерлері, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама әсерлері туралы ақпараттандыру;
Тармақша 7
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл:
айналасындағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, улануларға күдіктенген және анықталған жағдайда хабарлау;
оқшауландыру жөнінде бірлескен санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу, топтық ауруларды оқшаулау, инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу, вакцина қорын құру және иммундық профилактика жүргізуге бақылауды ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау ұйымдары бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді, нысандар, түрлер бойынша есептер беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Өзара іс-қимыл кезінде туындайтын және денсаулық сақтау субъектілерінің құзыретінен тыс болатын өзге де мәселелер бірлескен шешім қабылдау жолымен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарына ұсыныстар енгізу жолымен шешіледі.