О неотложных мерах защиты населения от туберкулеза в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыста халықты туберкулез ауруынан қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Халықтың туберкулезбен ауырып, өлім-жітімнің өсуіне байланысты және туберкулездің одан әрі таралуын болдырмау және жағдайды тұрақтандыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 1998 жылға қабылданған бюджетке туберкулезге қарсы шараларды мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қаржы бақылау басқармасы (Еркінғалиев) облыста туберкулезге қарсы күресетін мекемелерге бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалуын тексерсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика басқармасы (Жумағалиев) туберкулезге қарсы күрес жөніндегі шараларды жасап, оны 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысын дамытудың стратегиялық жоспарына артықшылық берілетін шара ретінде енгізсін.
Тармақ 4
4. Қала және аудандар әкімдері бір ай мерзімде коллегия мәжілістерінде туберкулезге қарсы күрестің жағдайы туралы мәселе қарап, туберкулездің одан әрі таралуын болдырмауды қамтамысыз ететін нақты шаралар алсын;
ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, туберкулез микробактериясын жұқтыратын ауруларды, маскүнемдіктен, есірткіден зардап шегушілерді және тексерілу мен емделуден жалтарушыларды ықтиярсыз емдейтін стационарлар аумағын күзетуді ұйымдастыру мәселелерін қарап, шешетін болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) туберкулезге қарсы ауруханалардың, санаториялардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуына жол бермесін, туберкулезге қарсы мекемелерді жөндеуге көмектессін.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облыстық мал дәрігерлік комитеті (Имашев) мал фермаларының мал дәрігерлік-санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған және туберкулез жөнінде нашар шаруашылықтарды сауықтырудың кешенді шараларын жүргізуді ұйымдастырсын.
Меншіктің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардан өнімдері белгіленген мал дәрігерлік-санитарлық талаптарға сәйкес өндірілуін және өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы (Сұлейманов), «Орал өнірі» (Қайырғалиев), «Приуралье» (Кульпин) газеттерінің редакциялары, қала және аудандар әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) туберкулезден сақтану және оның алдын-алу шаралары туралы халыққа түсіндіру жөнінде тұрақты айдар ашатын болсын. Түсінік жұмыстарын, әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінсін.
Тармақ 8
8. Бұл шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К.Алексеевке жүктелсін.