О включении фамилий кандидатов в депутаты, набравших одинаковое количество голосов избирателей, в избирательный бюллетень при проведении повторного голосования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайта дауыс беру өткізген жағдайда сайлаушылардың дауысын бірдей мөлшерде алған депутаттыққа кандидаттардың тегін сайлау бюллетеніне енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007.06.27 N 91/183 қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қайта дауыс беру өткізген жағдайда округтік сайлау комиссиялары сайлау бюллетеніне сайлаушылардың ең көп дауысын алған саны екеуден артық емес депутаттыққа кандидаттардың тегін енгізсін.
Тармақ 2
2. Егер депутаттыққа кандидаттар сайлаушылардың дауысын бірдей мөлшерде алған жағдайда депутаттыққа кандидаттың тегін сайлау бюллетеніне енгізу округтік сайлау комиссиясының отырысында жеребе салу жолымен анықтау белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жеребе салудың ретін округтік сайлау комиссиялары дербес анықтасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.