О присвоении наименования улице села Жолбасшы и переименований улиц аула Акмырза Акмырзинского сельского округа Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округінің Жолбасшы ауылының көшесіне атауын иелену және Ақмырза ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін еске ала отырып, Ақмырза селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жолбасшы ауылының көшесіне атауы иеленсін: № 1 көшеге Жолбасшы атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Ақмырза ауылы көшелернің атаулары келесі атауларымен өзгертілсін: Центральная көшесі Тұрсынбай Биімжанов атындағы көшесіне; Целинная көшесі Бейбітшілік көшесіне; Октябрьская көшесі Тәуелсіздік көшесіне; Приречная көшесі Достық көшесіне; Молодежная көшесі Жастар көшесіне; Степная көшесі Ынтымақ көшесіне.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ерейментау ауданның сәулет және қалақұрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К. Бәтенов «Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б. Әдірешев