О переводе на областной бюджет учебных заведений начального профессионального образования Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастауыш кәсіптік білім мекемелерін облыстық бюджетке ауыстыру туралы Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып түлектерінің орта және кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету, Ақмола облысының орта білім жүйесін дамыту, бастауыш кәсіптік білім мекемелер жүйесін дамыту мен сақтау мақсатында облыс әкімінің шешімі:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер болып саналатын келесі бастауыш кәсіптік білім мекемелері облыстық бюджетке ауыстырылсын: -№ 1 кәсіптік-техникалық лицей (Көкшетау қ.); -№ 2 кәсіптік-техникалық мектеп (Көкшетау қ.); -№ 7 кәсіптік-техникалық мектеп (Еңбекшілдер ауданы, Казгородок ауылы).
Тармақ 2
2. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Шағалалы ауылшаруашылық колледжі» кәсіпорны (Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы) кәсіптік-техникалык мектеп болып қайта кұрылсын.
Тармақ 3
3. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 4 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 4
4. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Бурабай агротехникалық колледжі» кәсіпорны (Щучье каласы) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.
Тармақ 5
5. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 5 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 6
6. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Қатаркөл агротехникалык колледжі» кәсіпорны (Щучье ауданы, Қатаркөл ауылы) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.
Тармақ 7
7. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 6 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 8
8. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап «№ 1 кәсіптік-техникалық лицей» мемлекеттік мекемесі (Көкшетау қ.) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.
Тармақ 9
9. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 5 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» (Красный Яр ауылы) мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 10
10. Қайта құрылған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құжаттарында қажетті өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) және облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап «№ 3 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» және «№ 6 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемелерін облыстық бюджеттен қаржыландырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) қаржы бағдарламасының әкімшілігі, кадр және әдістемелік мәселелермен қамтамасыз етудің уәкілді органы, облыстық бюджеттен қаржыландыратын бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің бақылаушысы болып тағайындалсын.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.