О профилактике бытового насилия Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;
Тармақша 1-1
1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;
Тармақша 3
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 5
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері
3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуына кепілдік беру;
Тармақша 3
3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;
Тармақша 4
4) отбасын қолдау және сақтау;
Тармақша 5
5) құпиялылық;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу;
Тармақша 7
7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
Тармақша 8
8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.
Бап 4. 4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері
4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері
Тармақ 1
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Тармақ 3
3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Тармақ 4
4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
Тармақ 5
5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Бап 5. 5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Тармақ 1
1. Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
Тармақ 3
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін ұсыну республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілді органдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды;
Тармақша 3
3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.
Бап 8. 8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар
8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар:
Тармақша 1
1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және жәбірленушілерді оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
Бап 9. 9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті
9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
Бап 10. 10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;
Тармақша 5
5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады;
Тармақша 7
7) жәбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
Тармақша 8
8) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
Тармақша 9
9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;
Тармақша 10
10) қорғау нұсқамасын шығарады;
Тармақша 11
11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды;
Тармақша 12
12) әкімшілік ұстауды жүргізеді;
Тармақша 13
13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;
Тармақша 14
14) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады;
Тармақша 16
16) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;
Тармақша 17
17) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 11. 11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуіне мониторинг жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.
Бап 12. 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;
Тармақша 2
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
Бап 13. 13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті
13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегін көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді;
Тармақша 2
2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
Тармақша 3
3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
Бап 14. 14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бап 15. 15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар
15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар
Тармақ 1
1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:
Тармақша 1
1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
Тармақша 3
3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады;
Тармақша 3-1
3-1) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүдделері үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік кызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету туралы өтінішпен жүгінеді;
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
Тармақша 5
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
Тармақша 6
6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген көмек жәбірленушілерге тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады.
Тармақ 3
3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ
3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ
Бап 16. 16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу
16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 17. 17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары
17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары
Тармақ 1
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:
Тармақша 1
1) профилактикалық әңгімелесу;
Тармақша 2
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;
Тармақша 3
3) қорғау нұсқамасы;
Тармақша 4
4) әкімшілік ұстау;
Тармақша 5
5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
Тармақша 6
6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
Тармақша 7
7) әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 8
8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
Тармақша 9
9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;
Тармақша 10
10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.
Тармақ 3-1
3-1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері немесе фактілері анықталған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шараларын қабылдайды.
Тармақ 4
4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Бап 18. 18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер
18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер
Тармақ 1
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін мынадай мән-жайлардың бірі:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі;
Тармақша 2
2) ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сондай-ақ онлайн- платформалардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалар негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Бап 19. 19-бап. Профилактикалық әңгімелесу
19-бап. Профилактикалық әңгімелесу
Тармақ 1
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құқықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер бар адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді.
Тармақ 3
3. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткізіледі және ол бір сағаттан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Бап 20. 20-бап. Қорғау нұсқамасы
20-бап. Қорғау нұсқамасы 1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде аумақтық полиция органының бастықтары не олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс. Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Тармақ 2
2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.
Тармақ 3
3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 7
7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 8
8. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.
Бап 21. 21-бап. Әкімшілік ұстау
21-бап. Әкімшілік ұстау
Тармақ 1
1. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқамасын шығару жеткіліксіз деп ұйғаруға негіздер болған жағдайда ішкі істер органдарының лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтін әкімшілік ұстауды жүргізеді.
Тармақ 2
2. Әкімшілік ұстаудың тәртібі, мерзімдері, әкімшілік ұстауға ұшыраған адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
Бап 22. 22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
Тармақ 1
1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
Тармақ 3
3. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға:
Тармақша 1
1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
Тармақша 2
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
Тармақша 3
3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салынуы мүмкін. Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеті жүктелуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.
Бап 23. 23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары
23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары
Тармақ 1
1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар процестік мәжбүрлеу шараларын және процестік қауіпсіздік шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және қауіпсіздіктің іс жүргізу шараларын қолдануға негіздер, оларды қолдану тәртібі, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 24. 24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
Бап 25. 25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау
25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды. Өзінің қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 26. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.