О переводе на областной бюджет учебных заведений системы среднего образования Күшін жойған
Басқа 0
Орта білім мекемелер жүйесін облыстық бюджетке ауыстыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 28.02.2006 № 1 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып түлектерінің орта білім
алуын қамтамасыз ету, Ақмола облысының орта білім жүйесін дамыту мен
сақтау мақсатында облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі орта кәсіптік білім
мекемелері облыстық бюджетке ауыстырылсын:
Тармақша 2
1.1 Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар:
- Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі;
- Көкшетау қ. политехникалық колледжі;
- Көкшетау қ. мәдениет колледжі;
- Щучье қ. Бурабай агро-техникалық колледжі;
- Зеренді ауданының Чаглинка ауылының ауыл шаруашылық колледжі;
- Қатаркөл ауыл шаруашылық колледжі;
- Щучье ауданының гуманитарлық-техникалық колледжі.
<*>
📌 Ескерту. 1 тармақтың 1.1 тармақшасына өзгеріс енгізілді - Ақмола
облысы әкімінің 2000.19.01. N 420 және 2000.29.02. N 447 шешімдерімен.
V00B090_
V00В091_
Тармақ 2
2. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық
"Бурабай агро-техникалық колледжі" кәсіпорны экология және орман
шаруашылығы колледжі болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар мемлекеттік
коммуналды қазыналық "Ақмола экология және орман шаруашылығы" кәсіпорны
құрылсын.
Тармақ 4
4. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі білім мекемелері облыстық
бюджетке ауыстырылсын:
- қазақ мектеп-интернаты (Көкшетау қ.);
- №20 даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат.
Тармақ 5
5. Қайта құрылған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің
құжаттарында қажетті өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) және облыстық білім
басқармасы (Дмитриенко Е.А.) 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық
бюджетке ауыстырылған мемлекеттік білім мекемелері мен мемлекеттік
коммуналды қазыналық кәсіпорындарды қаржыландырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) облыстық бюджеттен
қаржыланатын білім мекемелерінің оқу үдерісінің бақылаушысы, кадр және
әдістемелік жақтарын қамтамасыз етудің уәкілді органы болып бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары
С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.