Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық зертхананың 10 қараша 2009 жылғы № 72 сараптау актісінде көрсетілгендей қарасан ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Жарсуат селолық округі таза емес деп жарияланып, карантин қойылсын.
Тармақ 2
2. Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруының алдын–алу шаралары мақсатында Жарсуат ауылдық округінің әкіміне және аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) төмендегі шараларды іске асыру тапсырылсын:
Тармақша 1
1) мал қорамдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны      қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
Тармақша 2
2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
Тармақша 3
3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
Тармақша 4
4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тыйым салу;
Тармақша 5
5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;
Тармақша 6
6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сәрсенғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он           күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.