Об утверждении Правил аттестации специалистов с медицинским образованием для осуществления реализации лекарственных средств, медицинских изделий в отдаленных от районного центра населенных пунктах через аптечные пункты в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно-диагностическую помощь, и передвижные аптечные пункты, в случае отсутствия специалиста с фармацевтическим образованием Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 658 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4525 болып енгізілді. Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы қаңтар) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы N 515 бұйрығымен бекітілген Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды (бұдан әрі – аттестатталатын тұлға) аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) дәрілік заттармен, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Аттестаттау міндетті болып табылады және бес жылда бір рет тестілеу және әнгімелесу түрінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген медицина қызметкерлері дәрілік заттармен, медициналық бұйымдарды өткізуге жіберілмейді.
Тармақ 5
5. Аттестаттауды фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі – аттестаттау комиссиясы) жүргізеді.
Тарау 2. 2. Аттестаттауды өткізу тәртібі
2. Аттестаттауды өткізу тәртібі
Тармақ 6
6. Аттестаттау комиссиясының құрамына мыналар кіреді: төраға - медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) басшысы немесе оның орнындағы тұлға; төраға - фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы немесе оны алмастыратын; хатшы - аумақтық бөлімшенің маманы.
Тармақ 7
7. Аттестаттау комиссия үш адамнан тұрады.
Тармақ 8
8. Бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - денсаулық сақтау ұйымдары) аттестатталуға жататын тұлғаларды анықтайды. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар аттестатталуға жататын тұлғалардың тізімін бекітеді және аттестаттау комиссиясына жібереді.
Тармақ 9
9. Аттестаттауды өткізуге дайындықты аттестаттау комиссиясы ұйымдастырады. Ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) аттестаттауды өткізу кестесін әзірлеу;
Тармақша 2
2) аттестаттаудың мақсаты және тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес аттестатталатын тұлғалардың қажетті құжаттарын дайындау.
Тармақ 10
10. Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудың өткізу мерзімі туралы, оны өткізу басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей аттестатталатын адамдарды жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
Тармақша 1
1) тестілеу;
Тармақша 2
2) әңгімелесу.
Тармақ 12
12. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) жоғары немесе орта медициналық білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 2
2) мамандығы бойынша еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері немесе қызметтік тізімі.
Тармақша 3
3) соңғы 5 жылдың ішінде оқу бағдарламасына фармация саласындағы мәселелері енгізілген біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәліктерінің көшірмелері.
Тармақ 12-1
12-1. Аттестаттау комиссиясы құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжделген бас тартуды береді.
Тармақ 13
13. Аттестатталатын тұлғаға аттестаттау комиссияның хатшысы осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
Тармақ 14
14. Тест сұрақтарын фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жылына бір рет кезеңділігімен дайындайды және бекітеді.
Тармақ 15
15. Аттестатталатын тұлғалардың тестілеуі компьютерлерді немесе қағаз тасымалдауыштарды қолдана отырып өткізіледі.
Тармақ 16
16. Тестілеу бағдарламасын 50 сұрақ құрайды.
Тармақ 17
17. Тестілеу тапсырмасын орындауға берілген жалпы уақыты 60 минут.
Тармақ 18
18. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау салынған компьютерлік бағдарламасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижесі 2 данамен басып шығарылады, оның біреуі аттестатталатын тұлғаға беріледі. Қағаз тасымалдауыштағы тест сұрақтарын қолданған кезде аттестаттау комиссиясы 3 сағат ішінде дұрыс жауаптар коды арқылы тестілеудің нәтиже санын шығарады. Аттестаталатын тұлға нәтижемен танысып, шешімі бар параққа қолын қояды.
Тармақ 19
19. Дұрыс жауаптар 70 %-дан кем жағдайда нәтижесі қате деп саналады. Тестілеуді өткен кезде теріс нәтиже алған аттестатталушы тұлға аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) жіберілмейді. Қайта тестілеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен бастапқы тестілеу күнінен бастап алты айдан кейін өткізіледі.
Тармақ 20
20. Аттестаттау комиссиясы әрбір аттестатталатын адаммен дербес әңгімелесуді жүргізеді. Аттестатталатын тұлғамен әңгімелесу барысында дәрілік заттармен, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейі, ұйымдастырушылық міндеттерді шеше білуі, қолда бар ақпаратты талдауы және тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.
Тармақ 21
21. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа комиссия мүшелерінің 2/3 қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі және комиссия мүшелерінің басым дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының пікірі шешуші болып табылады.
Тармақ 22
22. Аттестаттау комиссиясының отырысына белгілі себептермен (уақытша еңбекке жарамсыз, демалыс немесе іссапар кезінде) қатыспаған аттестатталатын тұлға аттестацияны жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде өтеді.
Тармақ 23
23. Аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша а
а) аттестатталды;
Тармақша ә
ә) аттестатталған жоқ;
Тармақша б
б) қайта аттестатталуға жатады. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделенеді, оған отырысқа қатысқан төраға, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қояды. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аттестатталушы тұлға сот тәртібімен оған шағымдануына болады.
Тармақ 24
24. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.
Тармақ 25
25. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткізілген күннен кейінгі 5 күн ішінде аумақтық бөлімше бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 26
26. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағына енгізіледі.
Тармақ 27
27. Аттестаттау парағының бір данасы аттестаттаудан өткен адамға беріледі. Аттестаттау парағының нәтижелері бар екінші данасы аттестаттау комиссиясында сақталады.
Тармақ 28
28. Аумақтық бөлімшелер фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органға аттестаттау комиссиясының шешімі шығарылған күннен бастап бір ай ішінде өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп береді.
Басқа 0. АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесіне қосымша АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - ТАӘ) _______________________ ___________________________________________________________________ Туған күні, айы, жылы ________________________________________________ Білімі, біліктілігін арттырғаны, қайта даярлықтан өткені туралы мәліметтер _________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілгендегі) мерзімі ____________________________________________________________________ Жалпы еңбек өтілі ____________________________________________________ Осы лауазымдағы еңбек өтілі __________________________________________ Біліктілік санаты мен атағы ____________________________________________ Тестілеудің нәтижесі __________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Әңгімелесудің бағасы _________________________________________________ ____________________________________________________________________ Отырысқа аттестаттау комиссиясының ________ мүшесі қатысты Дауыс саны: «дауыс беру нәтижесіне қарсы емес» _________ «дауыс беру нәтижесіне қарсы» ______________ «дауыс беру нәтижесі бойынша қалыс қалды» ____________ Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________ Т.А.Ә., қолы Аттестаттау комиссиясының хатшысы ______________________________ Т.А.Ә., қолы Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ______________________________________________ _________________ Т.А.Ә. қолы ______________________________________________ _________________ Т.А.Ә. қолы ______________________________________________ _________________ Т.А.Ә. қолы ______________________________________________ _________________ Т.А.Ә. қолы Аттестаттаудың өткізілген күні ____________________________________ Аттестаттау парағымен таныстым _______________________________________________________________ (қолы және күні) Мөрдің орны