Об утверждении предельных объемов стационарной помощи Қолданыста
Басқа 0
Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Тармақ 5. Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 799 бұйрығына
1-қосымша
Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
№
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы
Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны
1.
Ақмола
106116
2.
Ақтөбе
88629
3.
Алматы
203204
4.
Атырау
60917
5.
Шығыс Қазақстан
205755
6.
Жамбыл
141711
7.
Батыс Қазақстан
86338
8.
Қарағанды
177509
9.
Қызылорда
101046
10.
Қостанай
113484
11.
Маңғыстау
64326
12.
Павлодар
105668
13.
Солтүстік Қазақстан
92711
14.
Оңтүстік Қазақстан
321570
15.
Астана қаласы
127451
16.
Алматы қаласы
193406
БАРЛЫҒЫ:
2 189 841
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 799 бұйрығына
2-қосымша
Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
р/с
N
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы
Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны
1
Ақмола
15538
2
Ақтөбе
15998
3
Алматы
28972
4
Атырау
10000
5
Шығыс Қазақстан
36433
6
Жамбыл
18890
7
Батыс Қазақстан
15763
8
Қарағанды
38528
9
Қызылорда
11900
10
Қостанай
17734
11
Маңғыстау
13380
12
Павлодар
23171
13
Солтүстік Қазақстан
15200
14
Оңтүстік Қазақстан
50514
15
Астана қаласы
19108
16
Алматы қаласы
50627
БАРЛЫҒЫ
381756