О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында қызметтердiң жекелеген түрлерiне лицензия беру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 11.07.2001 № 1/72 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының» 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы", 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", 1998 жылғы 10 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" (Алматы қаласының» мәртебесi туралы мәселелер бойынша), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi №2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" № 1894, 1997 жылғы 8 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 505 қаулыларын, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығын орындау үшiн Алматы қаласының әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмi аппаратының Экономика комитетi Алматы
қаласындағы қызметтердiң келесi түрлерi бойынша лицензия беру жөнiндегi
өкiлеттi орган болып белгiленсiн:
- өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық нысандарды дезинфекциялау және
дезодорациялау;
- ветеринария;
- Алматы қаласының аумағына шет елдiк жұмыс күштерiн тартуға;
сондай-ақ Алматы қаласынан шет елге жұмыс күштерiн тасымалдауға байланысты
қызмет;
- медициналық және дәрiгерлiк;
- нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығы бар, орта және
орта-арнаулы бiлiм беретiн оқу орындары;
- Алматы қаласында лотереяны жүргізу және ұйымдастыру (мемлекеттiкі,
(ұлттық) емес) тотализаторлар, казинолар;
- ішімдік өнімдері бөлшек саудасы;
- саяхатшы қызметі.
📌 Ескерту. 1 тармақ толықтырылды және өзгерді - Алматы қаласы әкімінің 02.03.2000 № 216, 1999 жылғы 18 тамыздағы № 720, 2001 жылғы 24 мамырдағы № 346, 2001 жылғы 24 мамырдағы № 347 шешімдерімен.
Тармақ 2
2. № 1 қосымшада аталған қалалық қызметтер бiр апталық мерзiмде қоса берiлген Ережеге (№ 2 қосымша) сәйкес аталған қызметтердiң түрлерiне, оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес қорытындылар беру жөнiндегi сараптау комиссияларын құрсын.
Тармақ 3
3. "Алматы қаласында қызметтердiң лицензия берiлетiн түрлерiмен шұғылдануға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бойынша қорытындылар беру жөнiндегi сараптау комиссиялары туралы Ереже" (№ 2 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы әкiмiнiң "Алматы қаласындағы қызметтердiң жекелеген түрлерiне лицензия беру туралы" 1998 жылғы 19 қаңтардағы № 18, Алматы қаласы әкiмiнiң 1998 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Алматы қаласындағы қызметтердiң жекелеген түрлерiне лицензия беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1999 жылғы 29 наурыздағы № 294, "1998 жылғы 19 қаңтардағы № 18 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 4 қарашадағы № 1088, "Алматы қаласының мәртебесi және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы № 3698 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1998 жылғы 16 қаңтардағы № 14 шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсiн.
Басқа 6
Алматы қаласының әкiмi
Алматы қаласы әкiмiнiң
1999 жылғы 12 шілдедегі
№ 623 шешiмiне
№ 1 ҚОСЫМША
Алматы қаласындағы қызметтердiң лицензия берiлетiн
түрлерiмен шұғылдануға бiлiктiлiк талаптарының
сәйкестiгi бойынша қорытындылар беру жөнiндегi
сараптау комиссиялары
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиология басқармасы жанындағы сарапшы комиссиясы - өндiрiстiк және тұрғын-үй объектiлерiн беретiн, сонымен қатар декреттегi азаматтарды жеке тазалыққа оқыту туралы қызмет.
📌 Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 24.07.2000 № 758 шешімімен.
Тармақ 2
2. Ветеринария комитетiнiң жанындағы сараптау комиссиясы - ветеринарлық қызметке қорытынды.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң жанындағы сараптау комиссиясы - Алматы қаласында шет елдiк жұмыс күштерiн тартуға, сондай-ақ Алматы қаласынан шет елге жұмыс күштерiн тасымалдауға байланысты қызметке қорытынды.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы – медицина және емдеу қызметiне қорытынды бередi.
📌 Ескерту. 4 тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 24.05.2001 № 347 шешімімен.
Тармақ 5
5. Бiлiм басқармасының жанындағы сараптау комиссиясы - нақты мамандықтар бойынша бiлiмi жөнiндегi құжаттар беру құқығы бар, орта және орта-арнаулы бiлiм беретiн оқу орындарының қызметiне қорытынды.
Тармақ 6
6. Алматы қаласы Әкімі аппаратының Экономика және нарықтық қатынас бөлімі жанындағы сараптау комиссиясы - ойынханалар мен тотализаторларды ұйымдастыру және өткiзу қызметiне қорытынды.
📌 Ескерту. 6 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 09.11.2000 № 1050 шешімімен.
Тармақ 7
7. Қаржы басқармасының жанындағы сараптау комиссиясы - лотерея
ойындарын ұйымдастыру және өткiзу қызметiне қорытынды.
Тармақ 8
8. Аудан әкімі аппараты жанындағы сарапшы комиссия ішімдік
өнімдерінің бөлшек саудасы жөніндегі қызметін қорытындылайды.
📌 Ескерту. 8 тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы әкімінің 18.08.1999 № 720 шешімімен.
Тармақ 9
9. Алматы қаласының Саяхат департаментінің жанындағы сарапшы комиссиясы - саяхатшы қызметін қорытындылайды.
📌 Ескерту. 1 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы әкімінің 02.03.2000 № 216 шешімімен.
Басқа 16. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы әкiмiнiң
1999 жылғы 12 шілдедегі
№ 623 шешiмiне
№ 2 ҚОСЫМША
Алматы қаласындағы қызметтердiң лицензия берiлетiн
түрлерiмен шұғылдануға бiлiктiлiк талаптарының
сәйкестiгi бойынша қорытындылар беру жөнiндегi
сараптау комиссиялары туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Қызметтердiң лицензия берiлетiн түрлерiмен шұғылдануға бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгi бойынша қорытындылар беруге өкiлеттi ұйымдардың жанындағы сараптау комиссияларын Алматы қаласының әкiмi бекiтедi.
Тармақ 2
2. Өздерiнде сараптау комиссиялары бар барлық ұйымдар осы ұйымдардың негiзгi мiндеттерiне тiкелей қатысы бар қызмет түрлерiне ғана қорытынды беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Ұйымдар жұмыс үшiн сыйақылар немесе басқа да ақылар алмай, оны өздерiнде бар штаттық бiрлiктер есебiнен, оларды ұстауға арналып бюджетте көрсетiлген қаржы сомаларының көлемiнде жүзеге асырады.
Тарау ii. II. САРАПТАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРI
II. САРАПТАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРI
Тармақ 4
4. Сараптау комиссиялары лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiне объективтi сараптық баға беру үшiн келесi қызметтердi жүзеге асырады:
Тармақша а
а) өз саласы бойынша қызметтердiң тиiстi түрi бойынша лицензия алуға ұсынылған құжаттар пакетiнiң толық болуын және дұрыс әзiрленуiн тексередi;
Тармақша б
б) тиiстi материалдық-техникалық базаның бар екенiн тексередi (қажетiне қарай тиiстi орынға барып, қарайды);
Тармақша в
в) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларымен (өкiлдерiмен) - өтiнiш бiлдiрушiлермен немесе жеке адамдармен ауызша әңгiмелесулер өткiзедi;
Тармақша г
г) қызметтердiң лицензия берiлетiн түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш бiлдiрушiлердiң сәйкес келетiнi немесе сәйкес келмейтiнi туралы қорытынды бередi (осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес);
Тармақша д
д) жiберiлген ұсақ жөнсiздiктердi (құжаттарды хаттауда, қажеттi түсiнiктер беруде және тағы басқалар) түзету үшiн орындалуы мiндеттi нұсқаулар бередi;
Тармақша е
е) осыған қажеттi басқа да iс-әрекеттердi жүзеге асырады.
Тарау iii. III. ҚОРЫТЫНДЫ АЛУ ҮШIН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ
ҚАРАУДЫҢ ТӘРТIБI МЕН МЕРЗIМДЕРI
III. ҚОРЫТЫНДЫ АЛУ ҮШIН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ
ҚАРАУДЫҢ ТӘРТIБI МЕН МЕРЗIМДЕРI
Тармақ 5
5. Қорытындылар алу үшiн ұсынылатын құжаттарды қараудың жалпы мерзiмi құжаттарды берген сәттен бастап он бес күндi құрайды.
Тармақ 6
6.
📌 Ескерту. 6 тармақ алынып тасталды - Алматы қаласы Әкімінің 24.08.2001 № 346 шешімімен.
Тармақ 7
7. Алматы қаласы Салық комитетiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы - Алматы қаласында лотереяны жүргiзу және ұйымдастыру (мемлекеттiкi, (ұлттық) емес), тотализаторлар, казинолар қызметiне қорытынды бередi.
📌 Ескерту. 7 тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 24.05.2001 № 346 шешімімен.
Тармақ 8
8. Өз жанында сараптау комиссиясы бар ұйым осы комиссияның санын және құрамын өз қалауынша белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Сараптау комиссиясы қараудың нәтижелерi бойынша қызметтердiң лицензия берiлетiн түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш бiлдiрушiлердiң сәйкес келетiнi немесе сәйкес келмейтiнi туралы қорытынды бередi.
Тармақ 10
10. Өз жанында сараптау комиссиясы бар ұйым сараптау қорытындысының
түрi мен мазмұнын бекiтедi. Сараптау қорытындысында мiндеттi түрде келесi
мәселелер көрсетiледi:
Тармақша а
а) комиссияның құрамы;
Тармақша б
б) қызметтердiң лицензия берiлетiн түрiмен шұғылдануға қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес өтiнiш бiлдiрушiнiң сәйкес келетiнi немесе
сәйкес келмейтiнi туралы қорытынды;
Тармақша в
в) қорытындыны негiздеу;
Тармақша г
г) бiлiктiлiк талаптарына әсер етпейтiн, бiрақ түзетудi қажет ететiн
құжаттар пакетiне қосымша ескертулер;
Тармақша д
д) егер қажет болса ұсыныстар.
Тарау iv. IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 11
11. Орган-лицензиар қорытындыны беру немесе беруден бас тарту туралы
түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Тармақ 12
12. Орган-лицензиар қажетiне қарай комиссияларға азаматтар мен заңды
тұлғалардың лицензия алған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметi
жөнiндегi шағымдарын қарау бойынша тапсырма бере алады, сондай-ақ лицензия
беруге байланысты басқа да тапсырма беруге құқылы.
Тармақ 13
13. Өтiнiштердi қарау қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Орган-лицензиар әрбiр нақты жағдайда қаралатын шағымның
күрделiлiгiне қарай оны қараудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 15
15. Орган-лицензиар немесе сараптау комиссиясы өздерiнiң
iс-әрекеттерi арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтарына
нұқсан келтiрген жағдайда аталған субъектiлер сотқа шағым бере алады.
(Маман: Сариева А.)