Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области здравоохранения Күшін жойған
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріп отырған денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмилдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Тармақ 5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ Ж. Түймебаев
2009 жылғы 23 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2009 жылғы 23 қараша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 30 қазандағы
N 630 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты.
Тармақ 3
3. Осы Стандартта денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірегейлендірілген талаптары мен жалпы қағидаттары, түрі, нысаны және оларды көрсету шарттары белгіленген.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы осы Стандартқа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
Тармақша 2
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
Тармақша 3
3) қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары;
Тармақша 4
4) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдар;
Тармақша 5
5) АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
Тармақ 7
7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің бұл тізімі жеткілікті емес.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері көрсетеді.
Тармақ 3. 3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
Тармақ 9
9. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер:
Тармақша 1
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне қатысудың тең мүмкіндігін туғызу мақсатында өз денсаулығына өздерінің жауапкершілігін арттыру арқылы жақындарымен қоса пациенттердің өздерін белсенді қатыстырып, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
Тармақша 2
2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу әрі қоғамда оңалту мақсатында психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психодиагностика, түзету жұмыстарын жүргізу, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету арқылы әлеуметтік-психологиялық қолдауды көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
Тармақша 3
3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып, қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тиісті деңгейде өмір сүруін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету мен құқық мәселелері бойынша құқықтық ағартуды, ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуді, консультация беруді және әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер;
Тармақша 6
6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
Тармақша 7
7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;
Тармақша 8
8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Тармақ 10
10. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) консультация беру (жеке және топтық);
Тармақша 2
2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);
Тармақша 3
3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету;
Тармақша 4
4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
Тармақ 11
11. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады.
Тармақ 13
13. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек.
Тармақ 14
14. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
Тармақ 4. 4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
Тармақ 15
15. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
Тармақша 1
1) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) әлеуметтік-терапиялық жұмысты ұйымдастыру (бағалау, проблемаларды белгілеу, кешенді жоспар құру, жасын ескере отырып көмек көрсету және жағдайдың позитивті жаққа өзгеру мониторингі);
Тармақша 2
2) тұрмыста және қоғамдық жерлерде өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлық, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық білім негіздеріне үйрету;
Тармақша 4
4) ауыр науқастардың, жалғыз басты қарт адамдардың, мүгедектердің, мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың үйіне жиі барып көмек көрсету және үй жағдайында бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);
Тармақша 5
5) пациенттерді әлеуметтік орталықтарға және қызметтерге жолдау үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер бойынша консультация беру және ақпараттандыру (жеңілдіктер, әлеуметтік төлеулер, жәрдемақы, өтемақы, алименттер алу, тұрғын үй жағдайын және басқа да жағдайларын жақсарту);
Тармақша 7
7) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету;
Тармақша 8
8) жұмысқа орналасу мәселелеріне көмек көрсету, емдеу және басқа да мекемелерге көмек көрсету;
Тармақша 9
9) еріктілерді ауыр науқастарға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге даярлау және үйрету.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2
2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) жеке және топтық қолдау көрсетуге жағдай жасау;
Тармақша 3
3) жеке әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу, интерактивті әдістер қолдану.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауды топшылайтын ұйымдастыру қызметтері, қоғамдық-құнды қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді айқындау мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды диагностикалау;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық патронаж және қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету және пациенттердің құқығын қорғаудың құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша пациенттерге тегін консультация беруге көмек көрсету;
Тармақша 2
2) медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге көмек көрсету;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласында құқықтық мәдениетті арттыру, халықты құқықтық ағарту бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамаларын қолдау.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
Тармақша 1
1) пациенттің өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалау, әлеуметтік-тұрмыстық өмір жағдайын зерделеу;
Тармақша 2
2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) тұрмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту және консультация беру.
Тармақ 21
21. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.
Тармақ 22
22. Бос уақытты ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тарту.
Тармақ 5. 5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау, қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау, қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
Тармақ 23
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
Тармақша 1
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны, жағдайын ескере келе, күтуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, соның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет (сүртіп алу, жуып алу, гигиеналық шомылдыру, тырнақтарын алу, шашын тарау) көрсету;
Тармақша 2
2) санаторийлік және оңалту іс-шараларын алуға көмек көрсету;
Тармақша 3
3) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету;
Тармақ 24
24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностика жүргізу және жеке немесе топтық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған әлеуметтік-психологиялық білім негіздеріне үйрету, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлыққа дағдыландыру, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларына үйрету;
Тармақша 3
3) пациенттерді тіршілік әрекетінің түрлі салаларында медициналық қызмет көрсетуде, тұлғалық және әлеуметтік бейімделуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) өзін-өзі сақтау мінез-құлқына үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу;
Тармақша 5
5) халықтың түрлі топтарының психологиялық құзыретін жоғарылату мақсатында БАҚ, буклеттер, үндеухаттар шығару арқылы жарияланатын ақпараттық және білім беру іс-шараларын жүргізу.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
Тармақша 1
1) тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін, тәрбиелік әлеуетін пайдалана отырып, өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер;
Тармақша 2
2) пациенттерде мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық проблемаларын алдын алу;
Тармақша 3
3) қандай да бір себеппен қоғамдық байланыс пен қарым-қатынастарын, әлеуметтік және жеке басының маңызы бар сипатын, қасиеті мен мүмкіншіліктерін жойған не жоғалтқан пациенттерді қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) мүмкіншіліктері шектелген, сондай-ақ, әлжуаз топтар мен дұрыс жолдан адасқан пациенттер тобын әлеуметтік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу.
Тармақ 26
26. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
Тармақша 1
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасы) өмірінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларының мәселесін айқындау;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету.
Тармақ 27
27. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
Тармақша 1
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) әлеуметтік-құқықтық мәселелерін айқындау;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету, құқықтарын қорғау бойынша заңды қызметтер мен құқықтық консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету;
Тармақша 3
3) медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге, заңнамамен көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, кепілдіктерді алуға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) медициналық қызмет көрсетуге байланысты заң бұзушылықтың әлеуметтік түрде алдын алуға заңды мекемелер мен ұйымдарға көмек көрсету;
Тармақша 5
5) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқықтық ағарту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыруға көмек көрсету.
Тармақ 28
28. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
Тармақша 1
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, консультация беру және жеке қызмет көрсету мен гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) ауыр науқастардың, мүгедектердің, мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың және де басқалардың тұрмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту.
Тармақ 29
29. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.
Тармақ 30. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингінің индикаторлары
30. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Денсаулық сақтау саласындағы
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингінің индикаторлары
N
Индикаторлар
Барлығы
1.
Осы ұйымдағы әлеуметтік қызметкерлердің штат бойынша/нақты саны
2.
Жыныстық/жас және әлеуметтік сипаттағы халықтың жалпы саны, оның ішінде:
0–15 жасқа дейінгі балалар
15-18 жастағы жасөспірімдер
18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі ересектер (58 жас - әйелдер, 63 жас - ерлер)
зейнеткерлік жастағы тұлғалар - 80 жасқа дейін
80 жастан асқан адамдар
3.
Жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың саны
4.
Кәмелетке толмаған қараусыз қалғандар, оның ішінде девиантты мінез-құлықтылары бар балалардың саны
5.
Психофизикалық дамуда мүмкіндігі шектелген 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың саны
6.
Физикалық және (немесе) ақыл қабілетіне байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуы бар пациенттер саны, оның ішінде балалардың арасында
7.
Тіршілік әрекеті:
әлеуметтік маңызы бар аурулар
- айналасына қауіп төндіретін аурулардың салдарынан мүмкіндіктері шектелген пациенттердің саны,
- оның ішінде балалар
8.
Өзіне өзі қызмет ете алмайтын пациенттердің саны:
- егде жасқа байланысты
- бастан кешкен ауруының салдарынан
- мүгедектігінен
- оның ішінді балалардың арасында
9.
Мейірімсіз қылыққа тап болған пациенттер саны,
- әлеуметтік адасуға –
- әлеуметтік депривацияға апарып соққан,
- оның ішінде балалар арасында
10.
Баспанасы жоқтар саны (тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар),
- оның ішінде балалар
11.
Бас бостандығынан айырылған жерден босап шыққан тұлғалар саны,
- оның ішінде балалар
12.
Үйге бару саны
13.
"Сенім телефоны" бойынша телефон шалу саны
14.
Медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер саны
15.
Тренингтер саны/қатысушылар саны
16.
Халықтың арасындағы белсенділер (волонтерлар) саны