Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Бірінші көшеге- Бөгембай батыр көшесі
Тармақша 2
2) Екінші көшеге- Бекет көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бадамша ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Ғ. Ағытаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.