Көктау ауылдық округі Көктау ауылының көше атауларын өзгерту туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Көктау ауылдық округі Көктау ауылының көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгертуге берілсін:
Тармақша 1
1) Геологическая кошесі - Геологтар көшесі
Тармақша 2
2) Набережная көшесі - Жағалау көшесі
Тармақша 3
3) Комарова көшесі - В. Комарова көшесі
Тармақша 4
4) Подхоз Юлия көшесі - Жастар көшесі деп қайта атау берілісін
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.