Орталық көшелерге ат беру туралы
ҚАЗОрталық көшелерге ат беру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Орталық көшелерге ат беру туралы
- Атауы (қаз.)
- Орталық көшелерге ат беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 27.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2017 · қолданыстағы 49330_215934.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z090000228_
- ЭКБ идентификаторы
- 49330
- Редакция идентификаторы
- 49330_215934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:09
0 Орталық көшелерге ат беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сыңғырлау ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сыңғырлау ауылының әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сыңғырлау ауылындағы мына көшелерге:
ауылдың оңтүстік батысынан басталып «Бейнеу-Тәжен» тас жолына шығатын бағытқа дейінгі аралықта орналасқан орталықтағы ең ұзын көшеге – «Тәуелсіздік», осы Тәуелсіздік көшесіне орталықтағы №37 үй маңынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, автобус аялдамасы, дүкен ғимараты орналасқан ауылдың оңтүстік бағытына қарай созылып жатырған қатарлас көшеге «Егемендік» аттары берілсін.