О присвоении наименования улице станции Трофимовка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Трофимовка станциясының көшесіне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Трофимовка станциясының халқының пікірін ескере отырып, Ортақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Трофимовка станциясының № 1 көшесіне «Теміржолшылар» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Зеренді аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Зеренді ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.М. Петрова Зеренді ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.М. Райымбекова