О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Высшая аттестационная комиссия" Күшін жойған
Басқа 0
"Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын ретке келтіру туралы" 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 205 Жарлығын атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы "Жоғары аттестациялық комиссия" (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік мекемесіне айналдыру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің құрылтай құжаттарын әзірлесін және Үкіметтің бекітуіне енгізсін және кейін оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мекеменің басшысын Үкімет тағайындайды, ал оны қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 34 "Ғылыми кадрларды аттестациялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен және шегінде қаржыландырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі" тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі";
реттік нөмірі 470-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
1 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" тарауындағы реттік нөмірі 59-жол алынып тасталсын;
2 "Мемлекеттік мекемелер" тарауы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 167-1-жолмен толықтырылсын:
"167-1. Жоғары аттестациялық комиссия".
Тармақ 5
5. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 271 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.