О снятии ограничений по бруцеллезу крупного рогатого скота в Байетском и Кояндинском сельских округах города Экибастуза Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласының Бәйет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулерді алып тастау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді бекіту туралы" № 639, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" № 367 бұйрықтарына сәйкес, әрі Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2009 жылғы 19 қарашадағы ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының Бәйет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылдың 17 қазанындағы "Екібастұз қаласының Бәйет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулерді алып тастау туралы" (нормативті - құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12-3-206 нөмірмен тіркелген, "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде 2008 жылдың 27 қарашасындағы 48 нөмірінде жарияланған) № 609/9 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік испекция Комитетінің
Екібастұз қалалық аумақтық
басқармасының бастығы
2009 жылғы 25 қараша Т. Жәкенов