Құлан ауылындағы Некрасов көшесінің атауын халыққа еңбегі сіңген қайраткер Өзібек Ақжолұлы атына өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құлан ауылындағы Некрасов көшесінің атауын халыққа еңбегі сіңген қайраткер Өзібек Ақжолұлы атына өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Құлан ауылы Некрасов көшесі тұрғындарының 15 қараша 2009 жылғы жиынның хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Құлан ауылы, Некрасов көшесіне Өзібек Ақжолұлы есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуы Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары Т. Биғазиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.