Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді мекенінің тұрғындарының 22 қыркүйек 2009 жылғы жиналыс хаттамасының 2 қараша 2009 жылғы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық елді-мекеніне Ақбалшық көшесі, Үшкемпір елді-мекеніне Үшкемпір көшесі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды бас маман А. Сагингалиевке жүктеймін.