О присвоении наименований улицам в селах Малтабар, Жарык, Ельтай Таубайского аульного округа Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Малтабар, Жарық, Ельтай ауылдары көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Тайбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Малтабар ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшесі Мәмбеталин Кәрібай атындағы; № 2 көшесі Қамысбаев Құсайын атындағы; № 3 көшесі Бөгенбай батыр атындағы; № 4 көшесі Хамзин Елемес атындағы.
Тармақ 2
2. Ельтай ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге Ардагерлер атауы берілсін; № 2 көшеге Достық атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Жарық ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге Ынтымақ атауы берілсін; № 2 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ерейментау ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев «Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов