Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қаласы батыс тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын: N 1 көшесіне - "Жібек жолы"; N 2 көшесіне - "Жазиралы"; N 3 көшесіне - "Сұлутөр"; N 4 көшесіне - "Ғалымдар"; N 5 көшесіне - "Беріктас"; N 6 көшесіне - "Ұстаздар"; N 7 көшесіне - "Қызылқайың"; N 8 көшесіне - "Қарлығаш"; N 9 көшесіне - "Қайыңды"; N 10 көшесіне - "Еркіндік"; N 11 көшесіне - "Ұлан"; N 12 көшесіне - "Ел аман"; N 13 көшесіне - "Ақындар"; N 14 көшесіне - "Арайлы"; N 15 көшесіне - "Ақтілек"; N 16 көшесіне - "Айнабұлақ"; N 17 көшесіне - "Қайнар"; N 18 көшесіне - "Жаңа арна".
Тармақ 2
2. Талдықорған қаласы шығыс тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын: N 1 көшесіне - "Ақтерек"; N 2 көшесіне - "Білім"; N 3 көшесіне - "Алмалыбақ"; N 4 көшесіне - "Салтанат"; N 5 көшесіне - "Айдарлы"; N 6 көшесіне - "Жылысай"; N 7 көшесіне - "Қарағайлы".
Тармақ 3
3. Талдықорған қаласы көшелерінің аттары өзгертілсін: "Геологическая" көшесі - "Темірқазық" көшесіне; "Железнодорожная" көшесі - "Теміржол" көшесіне; "8 марта" көшесі - "8 наурыз" көшесіне; "Набережная" көшесі - "Ақбастау" көшесіне; "Юго-восточная" көшесі - "Күншығыс" көшесіне; "Санаторная" көшесі - "Мәдениет" көшесіне; "Южный" көшесі - "Оңтүстік" көшесіне; "Заречная" көшесі - "Нұр" көшесіне; "Мир" көшесі - "Әлем" көшесіне; "Пролетарского" көшесі - "Жасталап" көшесіне; "Победа" көшесі - "Жеңіс" көшесіне; "Зеленая" көшесі - "Көгалды" көшесіне; "Станционная" көшесі - "Алтын орда" көшесіне; "Подгорная" көшесі - "Ойжайлау" көшесіне; "Транспортная" көшесі - "Алмалы" көшесіне; "Гвардейская" көшесі - "Бәйшешек" көшесіне; "60 лет каз ССР" көшесі - "Өркениет" көшесіне; "Индустриальная" көшесі - "Медеу" көшесіне; "Космонавтов" көшесі - "Байқоңыр" көшесіне; "Кольцевая" көшесі - "Алтын дән" көшесіне; "Коммунальная" көшесі - "Мамыр" көшесіне; "Дружба" көшесі - "Жаңа дәуір" көшесіне; "Ключевая" көшесі - "Жаңа ғасыр" көшесіне; "Молодежная" көшесі - "Жас ұлан" көшесіне; Карл Марк көшесі - "Сақан Құсайынов" көшесіне.
Тармақ 4
4. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевқа және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғ. Әбішева).
Тармақ 6
6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.