О присвоении наименований улицам в селе Каратал, Шакей, и о переименовании улицы в селе Куншалган Куншалганского сельского округа Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Күншалған селолық округінің Күншалған селосының көше атауын өзгерту және Қаратал, Шакей селоларының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Күншалған, Шакей және Қаратал селоларының тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Күншалған ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаратал селосының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін; № 2 көшеге Достық атауы берілсін; № 3 көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін;
Тармақ 2
2. Шакей селосының көшесіне атау берілсін: № 1 көшеге Жаңатұрмыс атауы берілсін;
Тармақ 3
3. Күншалған селосында көше атауы өзгертілсін: Октябрьға 50 жыл көшесі Иллиадор Поморцев атындағы көшесіне.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ерейментау ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев «Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов