Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (С.Арапбаев – келісім бойынша) аудандағы 1993 жылы туылған азаматтарды 2010 жылғы қаңтар–наурыз айлары аралығында шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жұмыстарын сапалы жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдық округ және поселке әкімдері міндетті түрде:
Тармақша 1
1) шақырылуға жататын азаматтарды хабардар ету, оларды кестеге сәйкес шақыру учаскесіне жинауды ұйымдастырып, өз өкілімен бірге келуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылуға жататын жастардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірлігі белгілеген мерзімде және үлгі бойынша тапсырсын.
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына азаматтардың негізгі жұмыс орындары бойынша жалақысын сақтай отырып, шақырушыларды әскери есепке алуға байланысты жұмыстарынан (оқуларынан) босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емханаға (А.Ақшалов – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне маман-дәрігерлер бөлінуін ұйымдастырып, қажетті дәрілер мен дәрігерлік құралдар бөлінуін, жастарды тіркеу барысында дәрігерлік куәландырудың сапалылығына бақылау ұйымдастырып, шақырылуға жататын жастардың дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (М.Сүтімбетов) жастардың дене шынықтыру деңгейін тексеру және спорттық көпшілік жұмысы жағдайын зерттеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Қасымбеков – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған, тұрмыс жағдайы төмен, есірткі заттарына, ішімдікке жақын, қылмыстық іске араласқан азаматтар туралы ақпарат жіберу;
Тармақша 2
2) шақыру пунктінде азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптарын түсіндіріп, қылмыстың алдын-алу үшін кездесулер ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) шақыру пунктінде қоғамдық тәртіп сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) тіркеуге келмей жүрген жастарды анықтап, міндетті түрде шақыру пунктіне келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық статистика бөліміне (Б.Қайырбеков – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрауы бойынша, белгіленген уақытта және кестеге сәйкес аудандық кәсіпорындар, мекемелер, оқу орындары, кәсіпорындар тізімінің берілуі ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Түлкібас аудандық емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы А.Б.Ақшалов 14 желтоқсан 2009 жыл Түлкібас аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы С.С.Арапбаев 14 желтоқсан 2009 жыл Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.А.Қасымбеков 14 желтоқсан 2009 жыл Аудандық статистика бөлімінің бастығы Б.Ж.Қайырбеков 14 желтоқсан 2009 жыл