О применении таможенных режимов переработки товаров на таможенной территории, переработки товаров под таможенным контролем и переработки товаров вне таможенной территории Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларды кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату және тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерін қолдану туралы
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдеріндегі тауарларды кедендік ресімдеу тәртібі туралы Нұсқаулық (1 қосымша);
Тармақша 2
2) ұқсату шарттары туралы міндеттемелердің нысаны (2 қосымша).
Тармақ 2
2. Құқықтық қамсыздандыру басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру Бас басқармасы (М. Байбұлов) осы бұйрықтың жүзеге асуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б. Жұмабаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында
ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату және
тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс
ұқсату кеден режимдерiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу
тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнің
1999 жылғы 25 қарашадағы
N 584-Б бұйрығына 1 қосымша
Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында
ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату және
тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс
ұқсату кеден режимдерiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу
тәртiбi туралы
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) сәйкес осы Нұсқаулық тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерiне орналастырылатын тауарларды ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемелердi ресiмдеу тәртiбiн, ұқсату мерзiмдерiн айқындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгеруi кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерiне орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауы кеден iсi туралы Заңға және кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Ұқсату шарттары туралы мiндеттемелердi ресiмдеу
тәртiбi
2. Ұқсату шарттары туралы мiндеттемелердi ресiмдеу
тәртiбi
Тармақ 3
3. Кеден iсi туралы Заңның 56, 62, 85 баптарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, кеден бақылауында ұқсату сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату үшiн кеден органына ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемелердi тапсыру қажет.
Тармақ 4
4. Ұқсату шарттары туралы мiндеттеме тауарлардың ұқсатуын жүзеге асырушы тұлғамен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiмен (бұдан әрi - Кеден комитетi) белгiленген нысан бойынша, тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органына тапсырылады. Ұқсатудың шарттары туралы мiндеттеме екi данада толтырылады, оның бiреуi кеден органына тапсырылады және ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның және кеден органының мөрiмен куәландырылады.
Ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемеге оның негiзiнде ұқсатудың мерзiмi және ұқсату өнiмiнің шығарылу саны анықталатын құжаттар қоса ұсынылады (тауарларды ұқсатуға шарт және басқалар).
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасының кеден аумағында және
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсатуды
ұзарту және мерзiмдердi көбейту тәртiбi
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағында және
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсатуды
ұзарту және мерзiмдердi көбейту тәртiбi
Тармақ 5
5. Ұқсату мерзiмiн ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемеде көрсетілген тауарларды тасымалдау күнiнен бастап екi жыл шегiнде ұзарту кеден iсi туралы Заңның 57, 87 баптарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Ұқсату мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi табыс еткен тұлға ұқсатудың шектi мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей Кеден комитетiне еркiн нысандағы тиiстi өтiнiштi табыс етедi.
Өтiнiшке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудің орындылығы туралы қорытындысы;
Тармақша 2
2) тауарларды ұқсату кезiнде кеден заңдарының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын кеден органының ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің орындалуы туралы қорытындысы;
Тармақша 3
3) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің көшiрмесi қоса тiркеледi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудің орындылығы туралы қорытындысы еркiн нысанда ресiмделедi және онда ұқсатуды жүзеге асырушы тұлға, ұқсату туралы шарттың күнi мен нөмiрi, ұқсатылатын тауар, сондай-ақ ұқсатудың шектi мерзімін көбейту орынды кезең туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Тармақ 8
8. Ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің орындалуы туралы кеден
органының қорытындысында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің табыс етiлуiн растайтын;
2) ұқсату шартында көрсетiлген тауарлардың жалпы санына пайыздық қатынастағы ұқсату үшiн әкелiнген тауарлардың саны туралы;
3) ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген ұқсату өнiмдерiнің шығу санына пайыздық қатынастағы алынған ұқсату өнiмдерiнің саны туралы;
4) ұқсату мерзiмiн екi жыл шегiнде ұзарту туралы;
5) ұқсату өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу туралы;
6) кеден ережелерiн бұзу фактiлерi туралы.
9. Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату мерзiмiн көбейтудің орындылығы туралы қорытындысының негiзiнде Кеден комитетi жүргiзедi.
10. Ұқсату мерзiмiн көбейту туралы өтiнiштi қарастыру мерзiмi өтiнiштi алған күннен бастап он күннен аспауы тиiс.
11. Ұқсату мерзiмiн көбейту туралы шешiм хат түрiнде ресімделедi және ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның және тауарларды ұқсату кезiнде кеден заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органының мекен-
жайына бағытталады.
12. Ұқсату мерзiмiн кейiнгi көбейту осы Нұсқаулықтың 6-12 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Ұқсату мерзiмiн көбейтуге қарсылық бiлдiрген жағдайда ұқсату операцияларына түспеген тауарларды, және ұқсату өнiмдерiн кеден аумағында ұқсату кеден режимi кеден заңдарына сәйкес өзгертуге жатады.
Тарау 4. 4. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн
алмастыру тәртiбi
4. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн
алмастыру тәртiбi
Тармақ 14
14. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыру ұқсату өнiмдерiн алмастырушы тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiне сәйкес жөндеу үшiн әкетiлген тауарлар қатысында ұқсас немесе бiртектi болатын шарт кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде алмастырушы тауарлар жаңа, сондай-ақ қолданыста болған болуы мүмкiн.
Тармақ 15
15. Егер мұндай жөндеу алынған өнiмге бастапқы өнiмдi жөнделген өнiмнен көп ерекшелейтiн болса тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыруға жол берiлмейдi.
Тармақ 16
16. Шарттың тиiстi ережелерi және тауарларды жөндеудi жүзеге асырушы кәсiпорынның кепiлдiк мiндеттемелерi ұқсату өнiмдерін алмастыру үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 17
17. Жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыратын тауарларды әкелу кеден баждарынан және салықтардан босату кеден iсi туралы Заңның 90-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден
режимiнiң өзгеруi кезiндегi тауарларды кедендiк
ресiмдеудiң тәртiбi
5. Тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден
режимiнiң өзгеруi кезiндегi тауарларды кедендiк
ресiмдеудiң тәртiбi
Тармақ 18
18. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгертiлуi Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тыс, ұқсатуға түспеген ұқсату өнімдерiн немесе тауарларды иелiгiнен айырған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл кезде кедендiк ресiмдеу кеден аумағынан тыс кеден режимiн ұқсатуға әкелiнген тауарлар қатысында экспорт кеден режимiне өзгерту жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiн экспорт кеден режимiне өзгерту үшiн:
Тармақша 1
1) ұқсатуға тауарларды әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген ұқсату туралы шарт;
Тармақша 2
2) ұқсатуға түспеген тiркелген және Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тыс әрекет етушi тұлғаға ұқсату өнiмдерiне немесе тауарларға меншiк құқығының (пайдалану немесе қожалық ету) ауысуын қарастыратын шарт негiз болып табылады.
Тармақ 20
20. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгеруi кезiндегi кедендiк ресiмдеу ұқсатуға түспеген ұқсату өнiмдерiн немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелмей-ақ, тұлғаның өтiнiшi бойынша, осы Нұсқаулықтың 19-бабында көрсетiлген құжаттарды тапсырумен жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 21
21. Тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiне сәйкес кеден аумағының шегiнен ертеректе әкетiлген тауарлардың экспорты кезiнде валюталық заңдылық саласындағы талаптар ұқсатуға түспеген ұқсату өнiмдерiне немесе тауарларға құқық меншiгiнің ауысуын (пайдалану немесе қожалық ету) қарастыратын шарттың шарттарын есепке ала отырып орындалады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының заңдарымен өткiзудің арнайы тәртiбi қарастырылған ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимінің экспорт кеден режимiне өзгеруi ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды тапсыруы кезiнде жүргiзiледi.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде әкетiлетiн кеден
баждарын төлеудiң тәртiбi
6. Ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде әкетiлетiн кеден
баждарын төлеудiң тәртiбi
Тармақ 23
23. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің экспорты кеден режимiне өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағына ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде кеден төлемдерi мен салықтар кеден iсi туралы Заңның Z952368_ 89-бабына сәйкес төленедi.
Тармақ 7
7. Кеден заңдарының талаптарын сақтауды бақылау
Тармақ 24
24. Тауарларды ұқсату кезiнде кеден заңдарының талаптарын сақтауды бақылауды ұқсатуға арналған тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Ұқсатуға арналған тауарларды және ұқсату өнiмдерiн кедендiк
ресiмдеу түрлi кеден органдарында жүргiзiлген жағдайда ұқсату өнiмдерiн ресiмдеген кеден органы ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген кеден органын кеден мағлұмдамасының нөмiрiн көрсетумен жүргiзiлген кедендiк ресiмдеу туралы хабардар етуге мiндеттi.
26. Кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден iсi туралы Заңның 209-бабына сәйкес тауарларды ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның қаржы және сыртқы экономикалық қызметiн тексерудi жүргiзуге құқылы.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
27. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тауарларды
ұқсату тәртiбiн бұзған тұлғалар кеден iсi туралы Заңға сәйкес кеден
ережелерiн бұзғаны үшiн жауап бередi.
Басқа 48
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнің
1999 ж._________N бұйрығына
2 қосымша
__________________________
(кеден органының атауы)
Тауарларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден
аумағынан тыс ұқсату, тауарларды кеден бақылауында
ұқсату) кеден режимiнде ресiмделген тауарларды ұқсату
шарттары туралы мiндеттеме
_____________________________________________________________________
(тауарларды ұқсатуды жүзеге асырушы тұлға)
_____________________________________________________________________
(ұқсату шартының күнi мен нөмiрi)
_______________________________________________________________сәйкес
тауарларды ұқсатуға мiндеттеледi.
_____________________________________________________________________
(тауарлардың атауы және олардың сыртқы экономикалық қызметтiң
Тауарлық номенклатурасына сәйкес классификациялық коды)
ұқсату өнiмдерiн алу мақсатымен
_____________________________________________________________________
(ұқсату өнiмдерiнiң атауы және олардың сыртқы экономикалық қызметтiң
Тауарлық номенклатурасына сәйкес классификациялық коды)
мынадай шарттарды сақтау кезiнде:
ұқсату мерзiмi_______________________________________________________
ұқсату өнiмдерiнің шығу саны_________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұқсатуды жүзеге асырушы
тұлға басшының аты-жөнi ___________________
(қолы)
N___________________
_____________________________________________________________________
(кеден органының лауазымды тұлғасының қолы)
_____________________________________________________________________
* Міндеттеменің нөмірі кеден мағлұмдамасын қабылдау кезінде кеден
органының лауазымды тұлғасымен беріледі және оның тіркеу нөміріне
сәйкес келеді.