Об увековечении памяти Турганбека Катаева Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғанбек Қатаевтың есімін есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес Алматы қалалық ономастика жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 16 линия көшесі (1200 метр Бостандық ауданы Абай даңғылынан Басенов көшесіне дейін) Тұрғанбек Қатаев көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетіндегі көзделген қаржы есебінен ақша қаражатын қарастырсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі (З. Аманжолова), Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі (З. Аманжолова) осы нормативтік құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына (С. Сейдуманов) жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.