Отдельные вопросы транзита продукции, подлежащей экспортному контролю Күшін жойған
Басқа 0
Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14. N 674 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне қажетті құжаттарды дайындаудың және рұқсат берудің тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 947 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2)
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен , 2002.12.10. N 1300 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің тәртібі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 11 тамыз
N 1143 қаулысымен
бекітілген
Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің тәртібі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi қоспағанда, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде (бұдан әрі - Рұқсат), Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 947 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Осы Ереже қажетті құжаттарды дайындаудың және Рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Рұқсат беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Шешiмдердiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Жұмыс органы) жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.28. N 450 қаулысымен , 2002.10.31. N 1155 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы Ережелермен белгіленген Талаптар экспорттауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге байланысты барлық заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші), шетелдіктерді қоса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Ережелерде көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Тармақ 5
5. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтінім берушінің тарапынан сақтандыру және басқа қаржылық кепілдіктер, не транзитті жүзеге асырған кезде болуы мүмкін авариядан келетін зиянды өтеу туралы өзге де міндеттемелер тапсырылған жағдайда рұқсат етіледі.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540 қаулысымен .
Тармақ 2. 2. Рұқсат алу үшін қажетті өтініш пен құжаттарды берудің тәртібі
2. Рұқсат алу үшін қажетті өтініш пен құжаттарды берудің тәртібі
Тармақ 6
6. Өтінiш Жұмыс органына өтiнiш берушi елiнiң ресми органдары арқылы берiледi.
📌 Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Өтінішке мыналар қоса берілуі тиіс:
Тармақша 1
1) өтініш беруші-ұйымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында экспорттауға жататын өнімдерге байланысты іс-әрекетті жүзеге асыруға құқығын өтініш берушінің ол тіркелген мемлекеттің қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес растауы;
Тармақша 3
3) сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша кодтары көрсетілген, транзиттеуге жататын өнімдердің номенклатурасы мен көлемі (табиғи және құны тұрғысында);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімді беруге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) мәлімделген транзиттік тасымалды жүзеге асыру кезінде болуы мүмкін аварияның салдарын жоюға төтенше оқиғалардың алдын алу және әрекет ету жүйесінің дайындығын өтініш берушінің елінің құзыретті ресми органының растауы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін әскери жүктерді, ядролық материалдар мен жабдықтарды, арнаулы ядролық емес материалдарды, ядролық әрекеттерге қатысы бар екіұдай мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды, реактивті материалдарды, жарылғыш заттар мен уларды нақты сақтаудың жүзеге асырылуы үшін өтініш берушінің жауапкершілігін айқындайтын құжаттар;
Тармақша 7
7) Егер жүкті алушыға тапсырып беру оған байланысы жоқ себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, осы жүкті қайта қабылдауға экспорттық бақылауға жататын өнімді жіберушінің келісімін растайтын құжаттар;
Тармақша 8
8) үшінші тұлға келтірген шығындар мен зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қаржылық қамтамасыз етілетінін растайтын құжаттар, оның ішінде осы ережелердің 5-тармағында қарастырылған құжаттар;
Тармақша 9
9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргізілуіне, сондай-ақ болуы мүмкін уақытша сақтауға, қайта тасымалдауға, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының ядролық және радиоактивті қауіпсіздік жөніндегі рұқсаттарын қолданудың шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылғаны анықталған жағдайдағы атқарушы органдардың басқа да қажетті әрекеттеріне байланысты, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажеттігіне және/немесе жүктің экспорттаушы мемлекетке қайтып келуіне байланысты шығыстардың өтелетініне өтініш берушінің тарапынан кепілдікті растайтын құжаттар;
Тармақша 10
10) мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келісілген қозғалыстың мерзімдері мен бағыттарын, келетін және кететін шекаралық кенттерді, көліктің түрлерін растайтын құжаттар.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155 қаулысымен .
Тармақ 7-1
7-1. Шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 7-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт (осы Ереженiң 7-тармағының 4) тармақшасы) болмаған жағдайда, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң берiлуi қажеттігiн негіздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
📌 Ескерту. Жаңа 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Жұмыс органының Рұқсат берудің мүмкіндігі туралы мәселені қарау үшін қажетті өзге де құжаттарды талап етуі мүмкін.
📌 Ескерту. 8-тармақ сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен .
Тармақ 3. 3. Рұқсат беруден бас тарту
3. Рұқсат беруден бас тарту
Тармақ 9
9. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін жүзеге асыруға, егер:
Тармақша 1
1) Рұқсатты ресімдеу үшін талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса;
Тармақша 2
2) өтініш берушіге қатысты олар Қазақстан Республикасының алдындағы өздерінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімі бойынша Рұқсат берілмейді.
Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бір айлық мерзімде жазбаша түрде дәлелдемелі жауап беріледі.
Тармақ 4. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Рұқсат алуға қаулысының жобасын дайындаудың тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Рұқсат алуға қаулысының жобасын дайындаудың тәртібі
Тармақ 10
10. Жұмыс органына келiп түскен өтiнiш қоса берiлген құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының мүшелерiне келiсуге жолданады.
Сараптама жүргiзу және Рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындыны ресiмдеу үшiн құжаттар мынадай номенклатура бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға келiсуге қосымша жолданылуы мүмкiн:
жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне;
ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екiұдай қолданылатын өнім, жабдықтар мен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан
Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне;
таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екiұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне;
тiзімдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгертiлген нысандары мен генетикалық материалдардың бөлшектерi - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне;
тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн зымыран техникасы, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдықтары, зымыран техникасын жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне;
қарудың өзге де қауiптi түрлерi - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне;
әскери мақсаттағы өнiмге және екiұдай қолданылатын технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер мен зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне.
📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен , 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1033 қаулысымен , 2000.10.16. N 1540 қаулысымен , 2001.01.30. N 151 қаулысымен , 2002.10.31. N 1155 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Транзитке рұқсат берудің керектігі туралы өтінішті қараудың мерзімі мен қорытындыны ресімдеу 10 күннен аспауы тиіс және осы Ережелердің 10-тармағында көрсетілген тиісті органға жобаның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 12
12. Жұмыс органы Рұқсат беру туралы қаулының жобасын не өтiнiш берушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және тиiстi құжатты Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттік комиссиясы қаруына енгiзедi.
📌 Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімді транзиттеуге рұқсат ететін қаулысының негізінде Жұмыс органы өтініш берушіге берілетін "Транзитке рұқсатты" ресімдейді.